» » МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕПІЛІ!

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕПІЛІ!

Ежелден-ақ дана халқымыз «Отан отбасынан басталады» деп, қоғамдағы отбасының құндылығына ерекше назар аударған. Мықты мемлекеттің қалыптасуы үшін әрбір үйдің, әрбір шаңырақтың береке бірлігі жарасымды, ынтымағы ырысты болуы керек. Үлкенге ізет көрсету, кішіге құрмет қылу – қазақ тәрбиесінің алтын діңгегі. Ықылым заманнан қазақ ұғымында отбасының орны ерекше. Себебі, төскейде малын жайып, түстікте егінін орған қазақ қоғамы отбасы институтының беріктігі мен татулығына мән берген. Балиғат жасына жеткен жігіт пен бойжеткен қыздың ата дәстүр салтымен неке қидырып, үлкендердің ақ батасын алып, шаңырақ көтеруін үлкен қуаныш көрген. Бұл жағдайда қазақ елі «керегеміз кеңейді» деп шаттанған. Отбасын құрған жас жұбайлардың мызғымас татулығы үшін екі тарап та барынша жас жанұяға қолдау көрсеткен. Міне, бұл жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған кешегі қазақ қоғамының қалыптасқан үрдісі. Бүгінде, елімізде жыл сайын сан мыңдаған жастар бас қосып, ақ некесін қидырып, шаңырақ көтереді. Бір өкініштісі, соңғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек жыл сайын елімізде шаңырақ көтергендердің үштен бірі ажырасып кетеді екен. Сәтсіз некенін болуыын түрлі себептерге жоруға болады. Бұлар ең алдымен материалдық теңсіздік, сәби сүю бақытын көре алмауы, мінездің үйлесім таба алмауы және т.б. белгілі жағдаяттар екен. Бұл ретте қазақ даналығында «Тәрбие – тал бесіктен» деген тәмсілін тілге тиек ете отырып, ұл мен қызға бірдей тағылым тәрбие беру мәселесін айту керек. Иә, ешкімде ұлы мен қызын жаман болып өссін демейді. Дегенменде, бүкіл жауапкершілікті мектеп пен қоғамға итеріп тастап, баланың тәрбиесіне бей-жай қарап, соңында сан соғып қалып жатқан ата-аналар аз емес. Осы ретте «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген қанатты сөздің астарына үңіліп, ақиқатын ақтарып көрсек, бала ата-анасына қарап бой түзейді. Сондықтан ең алдымен баланың болашағы жарқын, келешегі кемел болсын десеңіз, өзімізді тәрбиелеп, баланы ата-дәстүр салтымен, рухы асқақ азамат етіп тәрбиелеуіміз қажет. Сондықтан елімізде жанұяға маңызды орын берілген, өйткені адамзат пен мәдени құндылықтардың бұлжымас ұясы отбасы болып табылады.
Жыл сайын бүкіл әлемде 15-мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтіледі, бұл кез-келген мемлекеттің демографиялық саясатымен бірге әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты ықпал ететін қазіргі қоғамдағы негізгі іргетасы ретінде отбасының маңыздылығын көрсетеді. Бұл күн 1994-ші жылдан бері аталып өтілуде және БҰҰ Бас Ассамблеясының 1993-ші жылдың қыркүйек айындағы Халықаралық отбасы жылы туралы резолюциясында бекітілген. Бұл күнді белгілеу әлемдік қауымдастықтың қазіргі замандағы отбасының жағдайына алаңдаушылығынан қоғамның негізгі институттарының бірі ретінде отбасының маңызын арттыру мақсатында туындаған еді.
Елімізде «Отбасы» күні – Қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі. Бұл күнді атап өтудегі мақсат – мемлекетіміздің мызғымас қазығы болып табылатын отбасы институының имиджін арттыру, қоғам назарын отбасына аудару, отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайларын болдырмау болып табылады. Еліміздегі отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында жыл сайын, елбасы тапсырмасына сәйкес дәстүрлі «Мерейлі отбасы» байқауы өткізіліп келеді. Байқау – ауыл аймақтан басталып, облыстық, республикалық деңгейде ұйымдастырылады. Отан ортақ үйіміз деп қарайтын болсақ. Ортақ үйіміздің шаңырағын шайқалтпай, уығын тіктеп, керегесін кеңейтіп, береке бірлігін ұйыта ұстау ортақ міндетіміз. Осы ретте 15-мамыр «Халықаралық отбасы» күнімен құттықтай отырып, барлық отбасына бақ береке, ырыс-дәулет тілеймін! Елідігіміздің айқын куәсі – егемендігіміз мәңгілік, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
СӘКЕН МҰРАТОВ,
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары.
16 мамыр 2018 ж. 2 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031