» » Кәсіп түбі – береке

Кәсіп түбі – береке

Кәсіпкерлік саласын өркендетуге арналған жобалар мемлекет тарапынан қолдау тауып, ел игілігі үшін қызмет етуде. Кәсібінің нәсібін көріп отырған жанның бірі – кент  тұрғыны Дархан Алмасов. 
 Дархан өткен жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы»аясында кәсібін бастады. «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы «Тасымалдау жүгі»  жобасы бойынша Газел автокөлігін сатып алып, бүгінде тұрғындарға аянбай қызмет көрсетуде.
Ол көмекшісі Еркін Теміровпен бірге кент орталығындағы Жолдыбаев көшесінде орналасқан  шағын күріш ақтау цехында  күріш дақылының «Лидер» мен «Янтар» сорттарын ақтап, 5 және 25 келілік қаппен тұтынушыға ұсынады. Сонымен бірге күріш және бидай дақылынан жем өндіріп, өнімдерін нарық бағасынан төмен  сатуда.
– Осыдан бірер жыл бұрын отбасыммен ойласа келе,  мемлекет ұсынған бағдарлама арқылы өз кәсібімді ашуға бел будым. Алғашқы кезде қиын болғанымен кейін келе  аудандағы ақылшы аға буын кәсіпкерлерден тәжірибе жинақтап, оның қыр-сырын меңгердім. Әрине, менің жоба қорғап, оның іске асырылуына аудандық Жұмыспен қамту орталығы үлесін қосса, кәсіпті өркендетуіме Жосалы кентінің әкімі Шыңғыс Сыдықовтың да кеңесі мен көрсеткен қолдауы септігін тигізді. Расында да, «Көз қорқақ, қол батыр» дегендей, кәсіпті бастау алғашқы кезде кімге де болса қиындық тудырады. Сондай уақытта қасыңнан бағыт-бағдар беретін жөн сілтеушілер табылғанда ісің алға басары анық. Бүгінде әріптес інім Еркін екеуміз кент орталығындағы «Бибінұр» базарынан және Жолдыбаев пен Қабылан батыр көшелерінде, сонымен бірге Ақай ауылынан бөлімше ашып, күріш, бидай, арпа мен жүгері, мақсары, күнжара және басқа да ауылшаруашылығы дақылдарының  15 түрінен  сапалы жем өндіріп, оны нарық бағасынан арзанға сатудамыз. Тіпті заман талабына сай интернет желісінің «OLХ» қызметі арқылы қызмет ұсынып, көлігі жоқтарға тегін көлік қызметін көрсетеміз. Алдағы уақытқа кәсібімізді кеңейтіп, сапалы жем ұсыну мақсатында  цех салуды  жоспарлап отырмыз, – дейді кәсіпкер.
 Дархан бүгінде өз кәсібінен жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүрген кәсіпкердің бірі. Ол жемнен басқа арнайы агрегаттар арқылы күріш ақтап, вермишель де өндіреді. Тіпті арнайы құрылғы арқылы майдалап туралған шөбіне қызығушылар да жетерлік.
Иә, «Еңбек – әлем әміршісі» деп дана халқымыз айтқандай, тынбай еткен еселі еңбегінің жемісін көрген, мақсаты айқын Дарханның бағындырар белесі  әлі алда.
– Дарханның жем сататын дүкені көпшіліктің алғысын алуда. Себебі бағасы  қолжетімді. Мал бордақылауға арналған жемнің неше түрі бар. Күнжара керек пе, бидай жемі керек пе таңдағаныңды сатып ала бер. Ендігі жерде осы кәсіпті ірілендірсе  құба-құп. Дархан кәсібінің нәсібін тауып, ел ризашылығына кенеле  берсін, –  дейді Жамал Жоламанқызы есімді тұтынушы.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
06 қаңтар 2020 ж. 1 350 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031