» » Кәсіпкерлікті қолдау - ел дамуын қолдау

Кәсіпкерлікті қолдау - ел дамуын қолдау

 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасына сәйкес, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған екінші бағыты бойынша, «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағытында «Бастау-Бизнес» жобасымен 183 адам, оның ішінде «Бизнес-кеңесші» жобасына барлығы 136 адам оқытылса, ауданнан ұсынылған 288 жобаны  несиелендіру жоспарланған. Атап айтқанда:

1) «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 96,2 млн. теңге тұратын 34 жоба ; 
2) Қызылорда «Өңірлік Инвестициялық Орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының ұсынысымен 238,7 млн. теңге тұратын 52 жоба ;
3) «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ-ның 6 пайыздық «ІСКЕР» бағдарламасы бойынша аудандағы «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы 43,0 млн. теңге тұратын  6 жоба несиелендірілсе ;
4) «Бизнестің жол қартасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 101,8 млн. теңге тұратын 7 жоба және «Даму-Аймақтар» бағдарламасы бойынша құны 30,0 млн. теңге тұратын 1 жоба қаржыландырылды.
Одан тысқары бағдарламаның екінші бағыты бойынша 2017 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамынан бөлінетін  50,0 млн. теңге тұратын 25 тұлғаның жобасы ұсынылса, жалпы құны 15,0 млн. теңге тұратын 2 жобаның құжаттары екінші деңгейлі банктер арқылы несиелендіруге қаралып жатыр. 
Аудан аумағынан өтетін «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық транзиттік автожолының  бойынан бірнеше сервистік қызмет көрсететін бес нысан іске қосылды. Атап айтқанда, жалпы құны 62 млн. теңге тұратын ДК «Құламетов Абибулла»-ның қызмет көрсету кешені жобасы іске қосылып онда 10 адам, жалпы құны 36 млн. теңге тұратын ДК «Аружан К»-ның қызмет көрсету кешені  жобасы іске асырылып онда 6 адам, жалпы құны 783,0 млн. теңге тұратын ДК (ЖК) «Бексұлтан»-ның қызмет көрсету кешені жобасы іске қосылып, онда 6 адам, жалпы құны 75,0 млн. теңге тұратын ДК «Басқожаев»-тың қызмет көрсету кешені жобасы іске асырылып  онда 6 адам жұмыспен қамтылды.
2017-2018 жылдары іске асырылатын жалпы құны 400,0 млн. теңге тұратын ДК «Астана» қызмет көрсету кешенінің жобасы ағымдағы жылдың II-ші жартыжылдығында басталатын болып жоспарланған.
26 наурыз 2018 ж. 1 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031