» » Ел дамуына үлес қоссақ

Ел дамуына үлес қоссақ

Ауылдың күнкөрісі қай кезден де малмен байланысты. Малы бар ішіп-жемнен тарықпаған. Қонағына құрмет көрсетіп, ата жолынан таймаған. Болып жатса ескі дәстүрмен құдайы қонағына мал атап, мерейін өсірген. Мал – өрісіңді берекеге толтырса, тұрмыста ешнәрседен тарықтырмаған.
Ал қосымша табыс артық ете ме? Әрине жоқ. «Ақшаны ақша шақырады» демекші, Төребай би ауылының тұрғыны Балнұр Кәрібаева «Ақкөгершін» бөбекжай-балабақшасында әдіскер болып жұмыс істейді. Еңбекпен тапқан нанның тәтті боларын бала кезден білетін ол негізгі жұмысы бар болса да мемлекеттің қолдауын оңтайлы пайдаланып, қосымша табыс табуды ойлайды. Үш баланың анасына кәсіп ашып, бағын сынауға «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы дер кезінде көмекке келеді.
Нысанбаевтар отбасы – ауызбірлігімен, еңбекқорлығымен ауылға танымал әулет. Ата мен ене келіннің бетінен қақпай, кәсіп ашуына жағдай жасаған. Бұған дейін де мал ұстап отырған отбасына шаруашылықты кеңейту ас бір жаңалық емес еді. Әсіресе Балнұрдың жолдасы Баубек Нысанбаев бұл ұсынысты жылы қабылдады. Осылайша бірлікті ұстаным есткен үлкен отбасы мүшелері бірін-бірі қолдаудың, демеудің арқасында қосымша табыс табуды қолға алды.
Науқанында 12 сиырға дейін сауатын пысық келіншек қайсыбір істе де үлгерімді.
–Малмен жолдасым айналысады. Үйдің үлкендері де қолдан келгенше көмегін аямайды. Мен жұмысбастымын. Немерелеріне апам қарайды. Ол да зейнеттегі адамға аз шаруа емес. Бәріміз бірлесе отырып, мал алуды ұйғардық. Сөйтіп 2016 жылы «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасымен 5 жылға 6 проценттік жеңілдікпен 2 млн 500 мың теңге несие алып, оны 15 ірі қараға айналдырдық. Мақсатымыз – мал бордақылау. Оған қоса мал басын көбейту, – дейді Балнұр Мырзағалиқызы.
Ерлі-зайыптылар құт қонған қарашаңырақта тұрады. Отағасы елге сыйлы азамат болса, отанасы Зағипа Нұрмаханова «Күміс алқа» иегері. 8 ұл мен қызды дүниеге әкелген қос қария келіні Балнұрға дән риза.
–Келініміз еңбекқор. Ауылдың баласы. Өсіп-өнген отбасынан шыққан. Бәріне үлгереді. Үлкеннің алдынан кесе өтпейді, – дейді Зағипа апа көзі күлімдеп.
Үлгерту дегенде терең мән жатқандай. «Жоқтан» басқа сөз айтпайтын кейбір замандасқа мұндайды қалай үлгі етпессің. Мал жанұяның керегіне қарай базарға шығарылып, сатылады. Сауын кезінде Балнұр құрт-ірімшігі мен сүт-айранын аудан орталығына тұрақты тұтынушыларға өткізеді. Ауысып жатса, алыс-жақындағы ағайынға сәлем-сауқат ретінде жұмсалады.
–Құжат дайындауда ауыл әкімшілік маманы Руслан Қошантаевтың көмегі көп тиді. Сол сияқты кооператив төрағасы Дәурен Қалдашбаевтың да еңбегін айта кетсем. Ауылдың өсіп-өркендеуінде басшымыз Сәрсенкүл Есқалиеваның өзіндік орыны бар. Жұмысты ұйымдастыруда бағыт-бағдар беріп, жаңалықтан хабардар етіп отырады, – дейді кәсіп иесі.

Сәрсенкүл АҚКІСІ

30 қазан 2019 ж. 957 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031