» » Біздің бір күн осындай

Біздің бір күн осындай

№15 "Ақкөгершін" балабақшасында "Біздің бір күн осындай!" атты ашық есік күні өткізілді. Шараға ауыл әкімі, №199 мектеп мұғалімдері және ата-аналар қатысып, тамашалады. Іс-шара барысында балабақша қызметкерлері мен тәрбиеленушілері келген қонақтарды қарсы алып, таңертеңгілік орындалатын жаттығумен таныстырды. Тәрбиеші-әдіскер Кәрібаева Балнұр "Электроника әлемінде" тақырыбында ортаңғы топ бүлдіршіндерімен қоршаған ортамен танысу туралы оқу қызметін өткізді. Одан әрі тәрбиеші Бұқпан Алмагүл ересектер тобына "Білімділер" сайысын өткізді. Ересектер тобымен музыкант Жадыра Ысқақова "Отан қорғаушылар" тақырыбында музыка оқу қызметін, тәрбиеші Ақалтын Қарашаева "Үй жануарлары" тақырыбында ағылшын тілі оқу қызметін жоғары деңгейде өткізді. Әдіскер Кәрібаева Балнұр "Ұялы телефонның зияны мен пайдасы" тақырыбында ата-аналар арасында пікірталас өткізді. Пікірталасқа ата-аналар белсене араласып, өз ойларын айтты. Одан әрі ата-аналар өз балаларының партфолиосымен танысты. Балабақша қызметкерлерінің ұйымдастырған "Біздің бір күн осындай!" атты ашық есік күні өте жақсы, көңілді өтті. Шара соңында ауыл әкімі С.Ескалиева, №199 мектеп мұғалімі Р.Әлиева, ауылымыздың ақсақалы С.Сисенов, ата-ана Р.Нұржанова өз пікірлерін айтып, өткізілген әрбір оқу қызметіне "өте жақсы " деген баға беріп, жылы лебіздерін білдірді.
14 мамыр 2018 ж. 1 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031