» » НЕСИЕ НЕСІБЕ емес

НЕСИЕ НЕСІБЕ емес


Қазір екінің бірінде несие бар. Тіпті бір емес, бірнеше банктен алған «қамыты» бар. «Несие төлейтін уақыт келіп қалды, мерзімінен асып барады, ақшаны қайдан табамын?» деп сергелдеңге түсіп әлек. Бір қарыздан құтылу үшін екіншісіне бас сұғып, одан келесісіне жалғаса береді. Осылайша қарызға белшесінен батқанын да аңғара бермесі анық. Біздің осал тұсымыз да осы. Қит етсе болды несие алуға бейім тұрамыз. Өмір болған соң әртүрлі жағдай болып, қаржы мәселесі бүйірден қысқанда несие алуға деген қажеттілік пайда болатыны белгілі. Дей тұрғанмен «алмақтың да салмағы бар» деп әр нәрсенің белгілі бір реті мен шегі болатынын ескерген абзал.
Қазақ тойшыл халық. Елдің сөзіне қалмай абырой, атағыма кір келмесін деп қарызданып-қауғаланып одан әрісі несие алып дүркіретіп той жасап жүргені. Кімге не көрсетпек? Бір күндік той үшін бірнеше жыл жалақысыз жұмыс істеп әлекке түскеніне татиды ма? Біз кез келген қаржылай қиындықтың шешімін осы несиемен байланыстырамыз. Жаңадан үй салып, көлік алатын болсақ та несие аламыз. Ақша жинап, үй салып, көлік алып, той-томалақ өткізетіндер некен-саяқ. Анығында біз ақшаны жинаудан гөрі оны оңды-солды шашуға құмармыз-ау.
Әуелі ақшаны жинап үйренгеніміз жөн. Ол үшін қаржыгерлерден мирасқа қалған бірнеше кеңеспен бөлісейік. Әр ай сайын кіріс-шығысты түгендеп отыруға икемделіңіз. Ұялы телефонға арналған бюджет санайтын қосымша жүктеп алыңыз (1 Money секілді) Оған барлық кірісті жазыңыз (жалақы, сыйақы, қосымша табыс). Сәйкесінше барлық шығысты (тиынына дейін). Осылайша 1 айлық есебіңізді жасаған соң бұл кеңестің пайдаңызға жарағанын көретін боласыз.
Келесі кезекте кейінге қалдыру және үнемдеу. Мәселен, күнделікті жұмысқа таксимен баратын болсаңыз, үйден ертерек шығып жаяу жүруге немесе автобусқа мінуге үйреніңіз. Нәтижесінде айына біршама ақшаңызды үнемдей аласыз. Сол секілді өз қажеттілігіңізді кейін қалдырасыз. Үнемделген ақшаны банктегі шотыңызға салып қойыңыз. Егер қолыңызда болатын болса тез жаратып кетуі бек мүмкін.
Мұнан соң несие төлегенде 10 пайыз көбірек төлеу. Көптеген адам несиеге төлегенде банк артық ақшаны жемесін деп дәлме-дәл ақшасымен төлейді. Анығында банкке сіздің артық ақшаңыз керек емес.
Қосымша табыс табу. Мұның еш ұяты жоқ. Өзіңіздің бейімділігіңізге қарай тәтті бәліш пісіріп сатсаңыз да, саудамен айналыссаңыз да қосымша табыс ешқашан артық болмайды. Жоғарыдағы кеңестерге жүгінетін болсаңыз, несиеңіз емес, несібеңіз көп болатынына сенімдіміз.

Ақнұр Сағынтай
18 қаңтар 2019 ж. 1 573 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031