7-20-25: ҮМІТ ПЕН СЕНІМ
Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасының» біріншісі – әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру. Осы мақсатты көздеген «7-20-25» бағдарламасы талай отбасының үмітін оятты. Себебі, бағдарлама кез келген отбасы жағдайына қарай бөліп төлей алатындай несие алып, баспанаға қол жеткізуін қамтамасыз ету еді. Біріншіден, несиенің проценті арзан, алғашқы жарнасы да, несие мерзімі де қарапайым халықтың жағдайына орайластырған. Шынында пәтерден пәтерге көшкен отбасы үшін бұл үлкен мүмкіндік.
Бағдарламаның талабы соншалықты қатаң емес және оған тұрақты табысы бар кез келген адам қатыса алады. Тек атында жылжымайтын мүлік, несие қарызы болмауы тиіс. Ал, отбасының өзге мүшелері атындағы үй несие алуға кедергі болмайды.
Бүгінде «7-20-25» бойынша баспаналы болудың жаңа мүмкіндігін сырбойылықтар да жақсы пайдалануда. Ұлттық банктің облыстық филиалы ұсынған мәлімет бойынша бүгінгі күнге дейін 639 қызылордалық осы бағдарламамен үй алудың жолдарын білу үшін банк мамандарының кеңесіне жүгінген. Нәтижесінде 48 адам несие алуға өтініш білдірсе, оның 32-не келісім берілген. Қазіргі күні 30 тұрғын бағдарлама бойынша несие алған. Аймағымызда аталған бағдарлама ЦентрКредит банк, АТФ, Цеснабанк, Халық банкі, Еуразия және Форте банк арқылы жүзеге асуда.
Бұл мүмкіндікті пайдаланатындар қатары күннен-күнге көбейе түсетініне күмән жоқ. Себебі, көпшілік бағдарлама тиімділігін түсіне бастағандай.
Елбасы сөзімен айтқанда, армандар ақиқатқа айналды!

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.
syrboyi.kz
Пікір 2