» » "7-20-25" үмітті ақтайды

"7-20-25" үмітті ақтайды

Елбасы Н.Назарбаев ұсынған «Бес әлеуметтік бастама» бойынша жұмыстар легі қарқынды басталып кетті. Соның ішінде бас ауру – баспана мәселесін шешу. Ұлттық банктың таратқан ресми ақпаратында үстіміздегі жылдың екінші жартысынан бастап банктер «7-20-25» бағдарламасы негізінде кредиттер бере бастайтынын мәлімдеді.
Баспана қалай бұйырады?
Мемлекет басшысы ұсынған «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасына ресми кірісі бар кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев кезекті сұқбатында мәлім етті.
– Бағдарламаның қаржылық жағы болашақ қарыз алушының төлем жасау қабілеттілігін талап етеді. Бұған ресми кірісі бар әр бір қазақстандық қатыса алады. Бүгінде банктермен өлшемшарттар пысықталуда. Мәселен, тұрғын үйдің құны 7 миллион теңгені құраса, ай сайынғы төлем 50 мың теңгеден аспайды. Бұл жұмыс істейтін отбасылар үшін қолайлы. Тұрғын құны әртүрлі болған соң, ірі қалалар мен өңірлер бойынша баспана құнын саралау жоққа шығарылмайды, – деді банк төрағасы.
7 пайыздық несие бойынша бастапқы салымның көлемі 20 пайызды құрамақ. Жалпы несиенің берілу уақыты 25 жылға дейін. Мұндай бастама халықтың әлеуетін көтеруге бағытталған. Десе де, ипотекалық жаңа несиелердің берілуі өз кезегінде тұрғын үй бағасының қымбаттауына әкеліп соғуы мүмкін. Сарапшылардың пайымынша, егер бір адам 25 жылға 20 млн. теңге жылына 7 пайызбен, алғашқы төлем құнының 20 пайызы негізінде алатын болса, онда ол айына 113 000 теңге төлейді екен. 20 миллионға екі немесе үш бөлмелі үй алуға болады. Әрине, үйде екі адам жұмыс істеп тұрса, несиені өтеу қиынға соқпасы анық.
Баспана бағасы қолжетімді ме?
Жобада баспана бағасы мен ипотекалық заемнің шекті сомасы белгіленген. Астана мен Алматы қаласында 7 пайыздық ипотекамен алынатын үй бағасы 25 млн. теңгеден аспауы шарт. Бұл жағдайда несиенің шекті соммасы 20 млн. теңге болады. Басқа аймақтар үшін үйдің бағасы 16 милионнан, арзан ипотеканың соммасы 13 млн. теңгеден аспайды. Ұлттық банктің есебіне сәйкес, 7 млн теңгелік ипотеканың бір айлық төлемақысы 50 мың теңгеден артық болмаса, 10 млн теңге үшін ай сайын 70 мың теңге төлеуге тура келеді. Сондай-ақ, 13 млн. – 90 мың, 15 млн. – 105 мың, ал 18 млн. үшін ай сайын 125 мың теңгеге шығындалады. Алайда, үйден дәмелі тұрғын бұл шарттар тиімді екенін жоққа шығармайды.
Елбасының тағы да бір тапсырмасы
«7 -20-25» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Ұлттық банк пен Үкімет бірлесе жұмыс істеуі керек.
– Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін іске қосуы қажет. Ұлттық банк кемінде 1 триллион теңге қаржыны тарататын арнайы компания құрып, оны банктердің жоғарыда айтылған шарттарына жауап беретін жаңа ипотекалық несиелерін сатып алуға жұмсауы қажет. Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде миллион қазақстандық баспана алу мүмкіндігіне ие болады, – деді Елбасы.
Бағдарлама төрт кезеңде іске асады
Бірінші кезең – банктер мен қор нарығын максималды пайдалана отырып, ипотекалық несиелерді секьюриттеу механизмін қалпына келтіру.
Екінші кезең – бағдарламаны тиімді іске асыру үшін осы компанияны қаржы агенттігі тануы керек. Компанияның облигациясы үшін – мемлекеттік құнды қағаздарға салынғандай салық жүйесі салынады.
Үшінші кезең – тұрғын үй бастамасының жаңа мүмкіндіктері болашақ борышкерлерге жеңілдік талаптарын беретін мемлекеттің теңдесіз қадамы болып сипатталады.
Төртінші кезең – жеңілдетілген ипотекалық несиелер толықтай қамтамасыз етіліп, қайтарымды болғаны абзал.
«7 -20 -25» бағдарламасы аясында 4 жылдың көлемінде 70 мыңнан 100 мыңға дейін пәтер пайдалануға беріледі екен. 7 пайызбен тұрғын үйге қол жеткізу бұрын-соңды болмағанын және халыққа тиімді екенін экономистер айтып әлек. Бүгінде жаңа бағдарламаға деген қызығушылық жоғары. Жобаға қатысушылар саны да артуы мүмкін. Тұрғын үй бағасының шарықтап кетуі де қорқытатын жағдай. Ал, мамандар бұл бағаның мемлекет тарапынан бақыланатынына сенімді. Десе де, үйсіздердің үміті ақтала ма?
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
05 маусым 2018 ж. 1 351 1

JeaCold от 21 ақпан 2019 15:07
Levitra Tab accutane online india viagra prescription Cialis Tadalafilo

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031