» » «Ел игілігіне бағытталған үндеу»

«Ел игілігіне бағытталған үндеу»

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін түсіндіру мақсатында «Сымбат» БПҰ партия мүшелерімен кездесу өткізілді. Іс-шараға «Сымбат» БПҰ қарасты №140 мектеп,198 мектеп, №7,8 интернатының белсенді партия мүшелері қатысты.
Жиынды «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының сектор меңгерушісі Серікұлы Бағдат ашып, Елбасының алға тартқан бес әлеуметтік бастамасының әрқайсысы біздің халқымыз үшін үлкен берекенің бастауы. Ол үшін Елбасымыз бастап берген жарқын істердің үлгісі-аталған бастамада айтылған негізгі міндеттер мен тапсырмаларды сапалы және жүйелі түрде орындауымыз керек.
Іс-шарада М.Ысқақов атындағы құрылыс-бизнес колледжінің директоры,«Сымбат»БПҰ төрағасы Қуанышбаев Орынбай Жантөреұлы - көреген Көшбасшымыздың бұл жолы да ел игілігіне бағытталған өзекті мәселелерді көтеріп, оң шешім қабылдады деді. Жаңа әлеуметтік бастамалар қоғамымыздың әлеуметтік бірлігін нығайтуға және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын ары қарай жақсарта түсуге игі әсер ететіндігіне сенімдімін деп - Елбасының екінші бастамасы «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бастамасы бойынша хабарлама жасады.
Шара барысында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалының қызметкері Сынасапова Мархабат бес әлеуметтік бастаманың бірінші бастамасына тоқталып, Елбасымыздың әрбір отбасына баспана алудың тың мүмкіндіктерін қарастырып, қолжетімді баспанамен қамтамасыз етудің «7-20-25» бағдарламасын ұсынғанын айтты. Кез келген адам үшін ең бастысы баспананың болуы маңызды. Тұрғын үйге қолжетімділік өте тамаша шешім. Осы орайда «7-20-25» бағдарламасы ипотекалық несиенің жылдық мөлшері 7% -дан асырмайтын талапты ескеріп отыр.
Яғни, ипотекалық несие мөлшерін 7, бастапқы жарнасын 20% төмендетіп, мерзімін 25 жылға ұзартпақ. Бұл мəселе баспанасы жоқ талай отбасының жағдайын жақсартуға қызмет етеді деп тоқталып өтті.
Жиын соңында партия мүшелері өз ойларымен, пікірлерімен бөлісті.


25 сәуір 2018 ж. 1 424 1

JeaCold от 16 ақпан 2019 21:31
Cheap Propecia Pills online pharmacy Purchase Metformin Cialis 10 Mg Opinioni

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031