» » Онлайн несие оңдыра ма?

Онлайн несие оңдыра ма?

Несібесін несиеден тауып отырған жанды көрдіңіз бе?! Әй, қайдам?! Біздің қазекем қалжыңда айтпақшы, «несиесін жапқанына қуанып, несие алып ас беретін тек біз ғана». Рас қой, банктен бауыр артық боп тұр деп, туғанынан қарызға ақша алуға арланатындар банктен несие алып, содан кейін қарыз күліп барып, жылап қайтадының күйін кештіреді. Ұғынықтысы осы. Елде несиеге сұраныстың молдығы сонша, қазір екінші деңгейлі банктерді былай қойғанда «Жылдам ақша» деп аталатын орталық, онан қалды онлайн несие беру ұйымдары қара орман халыққа құшағын айқара ашты. Иә, жаңылысқан жоқсыз, онлайн. Білесіз бе, ондайын?!
Бетпе-бет келіссөзге отырып, консультантпен жүзбе-жүз сөйлесетін екінші деңгейлі банктердің кейбірінен карточка арқылы алған несиеңіздің пайызы шарықтаған күйі Мысыр пирамидасынан асып, көкке кетіп жатады. Ондайда, жаныңды салып, барыңды салып, банк қарызынан құтылуға асығасың. Асыққаның не, жапқан соң желкемнің шұқыры көрсін деп кетіп, қайта ораласың. Өйткені, қазір үйге 50-60 мың теңгелік жиһаздың өзін несиеге рәсімдейтіндер табылады.
Мамандар онлайн-несие нарығы 200-300 пайызға өсіп, 100 миллиард теңге айналымға шығуы мүмкін деп отыр. Өйткені, онлайн несиенің мүмкіндігі мол. Банкке ат арытып бармай-ақ, ғаламтордан тапсырыс берсеңіз, менеджерлер сізге өздері-ақ шығады. Бір бүйірден Цифрлы Қазақстанның бір бөлімі тәрізді. Өйткені, заман дамыған сайын мүмкіндік молаяды. Бұл – соның айғағы. Осыдан 3 жыл бұрын ғана бұл нарық 2,5 миллиард теңгені құраса, 2016 жылы 8,9, өткен жылы 22 миллиард. Жыл сайын өсім бар. Мамандардың болжамы шындыққа жанасатын тәрізді. Өйткені, бұл күнде қазақстандықтардың қолында миллиондаған банк карточкасы бар. Сол арқылы онлайнмен үйлестіре отырып, мүмкіндік пайдалануға жол ашыла береді.
Десе де онлайн несие ұйымдары еш қадағаланып отырған жоқ. Реттеу қолға алынбаған. Сол себепті, сенімге де селкеу түсуі ықтимал. Олар нарықта емін-еркін сезініп, өздерінің жұмысын жүргізіп келеді. Бұл күнде мұндай онлайн ұйымдардың саны 2000-нан асып жығылады. Алайда сала мамандары бұл жүйені заңмен реттеуге байланысты Ұлттық банкпен келісім жасай бастады. Бұл күнде онлайн-несие нарықтағ ыбөлшек сауданың 1 пайыздан төменін құрағанымен, оның болашағы алда екені даусыз. Тек, заң жүзінде жұмыс істесе болғаны.
Бұл күнде Қазақстанда 5 миллион адамның мойнында несие бар. Бір адамның мойнында бір емес, бірнеше банкке төлейтін қарыз бар. Қайтара алмағанның үстінен сот алдында том-том болған арыз бар. 8,8 миллион дана несие шартына қол қойылған. Қазақстан халқының үштен бірі банкке қарыз екенін ойлаңыз. Ал жоғарыда аталған несие карталарын пайдалану 95 пайызға өссе, сол карталар арқылы 80 миллиард теңгеден астам несие берілген. Он сегіз миллион халықтың қаншалықты қарызбен өмір сүріп жатқаны шақшадай басыңды шарадай қылады.
Тақырыпқа тұздық
Олжас Меңлібеков (аты-жөні өзгертілген),
тұрғын:
– «Жылдам ақшадан» 50 мың теңге алғанмын. Әрине, қатты қысылғанда олардың көмегіне жүгінесің. Сөйтіп, жүріп бір айдың ішінде қарызым 200 мыңның үстіне шығып кетті. Онсыз да пәтер жалдап, өзім жалданып жұмыс істеп жүргенмін. Қарызға белшеден баттым. Келіншегім төркініне біржола кетті. Амал нешік?! Енді онлайн рәсімдеуге ойланып едім, әлгі жылдам ақшадан кейін жүрегім шайлығып қалған. Қарыздан құтылып, енді банкке қарай мойын бұрмаспын деп отырмын. Әлбетте, келіншегім оралды, қазір жағдайым жақсарды. Алайда, қанша цифрландыру дегенмен онлайн несиеге сенім жоқ. Қорқыныш басым.
ТҮЙІН.
Несие десе, төбе шашы тік тұрып, көзі атыздай болатындар да бар. Олар өмірінде банктің табалдырығын аттамаған. Кейде қарап, сондай кісілерге тамсанасың. Аз-маз тапқан-таянғанын қажетіне ұқсатып отыр. Елдегі «кредит – үйге кіреді ит» деп, анықтама беріп жүрген мұндай жандарға онлайн несиенің қандайын әкелсең де, алмасы хақ. Өйткені, несие – несібе емес, оның да сұрауы бар.
Дәулет ҚЫРДАН,
«Қармақшы таңы».
26 маусым 2018 ж. 1 834 1

JeaCold от 11 ақпан 2019 19:11
Occasion Levitra Pharmacie Cialis Da Comprare Comprar Levitra 10 Mg generic cialis overnight delivery Kamagra En Hipertension Pulmonar

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031