» » КӨЛІК ЖӨНДЕУ ДЕ КҮРДЕЛІ ІС

КӨЛІК ЖӨНДЕУ ДЕ КҮРДЕЛІ ІС

Өңірде жастарды жұ­мыспен қамтып, кәсіп­керлікті дамытуда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бизнес Бастау» жобасын сәтті іске асырып келеді. Жоба аясында кәсібін ашып, бір адамды жұмыспен қамтып отырған жас кәсіп иесінің бірі – Айнұр Сағадатқызы. Палатаның арнайы сертификатына ие болған ол жуырда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 4 млн. теңгеге қол жеткізіп, көлік жөндеу орталығын ашты.

Қазіргі заманда кәсіп иесі болуды кім болса да армандайды. Өз-өзіңді жұмыспен қамту – уақыттың да талабы. Әрі қалтаңда үнемі ақша жүреді. Бір айлыққа қарап отырмайсың.
– Аралдың тумасымын. 2011 жылы жосалылық Әбибулла Алтынбасовпен отау құрдым. Жанұямда 2 бүлдіршін тәрбиеленуде. Қуанарлығы, бағдарлама жұмыссызға үлкен мүмкіндік береді. Жасым биыл – 28-де. «Бизнес Бастаумен» жоба қорғадым. Жастарға өте тиімді. Жолдасым екеуміз ақылдаса келіп, кәсібімізді кеңейтуге шешім қабылдадық. Өзім «Болашақ» университетінен «Көлікті пайдалану және көлік қозғалысымен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығын бітіргенмін. Сондықтан аталған кәсіпті дөңгелетіп әкетуде қиындық болмайды деген ойдамыз. Әзірге, 1 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Әлі де жұмысқа адам алсақ, деген жоспар бар, – дейді бағдарламаның шарапатын көруші.
А.Сағадатқызы үш жыл бұрын компьютерлік диагностика мен геометриясы кәсібі болғанын айтады. Енді міне, оны кеңейтудің оңтайлы сәті түскендей. Жас кәсіпкердің келешекте мақсаты айқын.
– Алда жобаны жүйелі іске асырып, оған өзге де қосымша қызмет түрін қоссақ нұр үстіне нұр болар еді. Ал,өңірде «Бизнес Бастаудың» аяқ алысы жаман емес. Жобамен қаржыланған кәсіпкерлерге ақ жол тілеймін және жұмыссыздарға қолдау көрсетіп отырған мемлекеттік бағдарламаға алғысымды білдіремін, – дейді кейіпкеріміз.
Расында да, бұл тек қана Айнұр Сағадатқызының емес, айтулы жобамен іс бастаған барша аудан кәсіпкерлерінің де жүрекжарды лебізі.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».

21 қыркүйек 2018 ж. 1 208 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930