» » » Сегіз қырлы Сәкен

Сегіз қырлы Сәкен

Сөз қадірін білетін ата-бабамыз «Кәсіп түбі – нәсіп» деп бекер айтпаған. Тіпті сөздің төрелігін айтып, даулы додада дуалы сөзімен, шешендігінің арқасында күрмеулі істің шешімін тапқан Төле бидің өзі заманында «Кәсіп болмай, нәсіп болмас» деп кәсіпкерліктің пайдасын па­йымдап кеткен.
Бүгінде ауданда жеке кәсіп ашып, оны ұршықша иіріп, шаруаның шырайын келтіріп жүрген жандар жетерлік. Солардың бірі – Сәкен Әбжалиев. Ол өз ісінің маманы атан­ған дәнекерлеуші. Мұнан бұрын саудамен айналысқан ол, кейін басқа арнаға ауысып осы кәсіп түрін таңдаған. Үйінің жанынан шеберхана ашып, халықтың игілігіне жарайтын дүниелерді осында жасап шығаруда.
– Дәнекерлеуші болып кәсіп ашқаныма бес жылдан аса уақыт болыпты. Шеберханамда қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Әсіресе темір есікке тапсырыс көп түседі. Жалғыз ол емес басқасын да жасап беремін. Олар жасаған дү­ниемнің сапасына қарайды, шүкір осы уақытқа дейін шағым естіп көрмеппін. Қайта алыс аймақтан естіп келіп жатады. Мұны еңбегімнің бағаланғаны деп білемін, – дейді Сәкен.
Шебердің нағыз «жеті рет өлшеп бір рет кесетіні» айтқызбай көзге көрініп тұр. Бала кезден суретші болған ол сызу, кесу кезінде әрбір сынық сүйемге мән беретінін айтты. Бүгінде оның қорасында қолдан жасалған туындылары жетерлік. Темірден иіліп жасалған шарбақтар, өрнектелген қақпа, тербемелі әткеншек, түрлі орынтақ (скамейка) көздің жауын алады. Бір айтарлығы үйіне сырттан қонақ келсе шебердің затына қызығып сатып алып кетеді екен.
Сәкен осы уақытқа дейін шәкірт те тәрбиелеген. Ұстаздық етіп, өзіне кел­геннің қолын қайтармай, бар білгенін үйретіпті.
– Анау әткеншекті көрдіңіз бе? Соны шәкіртім жасап шығарды. Алғаш келгенінде ештеңе білмейтін. Содан өзінің қабілетінің арқасында әрбір жасаған қимылыма қарап тез үйреніп алды. Менен өткен дәнекерлеуші десем артық болмас (күлді). Бүгінде ол жеке кәсібін дөңгелетуде. Әрине қуаныштымын. Әр келген сайын рақметін айтып кетеді, – дейді шебер.
Артынан ерген ұлы да әке жолынан алыс емес. Оны үшінші сынып оқып жүргенде-ақ еңбекке үйретіп баулыған. Оқудан демалысқа келген кезде қолғабыс көрсетіп жанынан табылады.
Бүгінде шебер кәсібін кеңейтпек ниетте. Алдағы жоспары тек кент орталығында ғана емес, өзге елді мекендерде үлкен шеберхана ашып, жұмыссыз жанды жұмыспен қамту. Алыс аймақтан келетіндердің жолын қысқартсам дейді. Тек кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы бойынша несие алса өз ісін одан әрі ширатары анық.
Қолдағы барын табыс көзіне айналдырып, ел игілігіне еңбек ету бүгінгі кәсіпкердің басты ұраны. Өңірдегі кәсіпкерліктің де дамуы сан қырынан көрініс табуда. Оған дәлел аймақ кейінгі жылдары кез келген сала бойынша алдыңғы қатарда келеді. Әсіресе, кәсіпкерлік саласындағы өсу өңір экономикасының әлеуетін арттыруда. Жаңа жобалар жалғасын тапты. Жұмыс орындары ашылды. Себебі нарық «алма піс, аузыма түс» деп бос жатуды көтермейді.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
13 қыркүйек 2019 ж. 1 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 018

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031