» » ЕРІНБЕГЕН ЕТІКШІ БОЛАДЫ

ЕРІНБЕГЕН ЕТІКШІ БОЛАДЫ

Қоғамда сан мыңдаған мамандық бар десек, соның бірі-етікшілік кәсіп. Таң шапағымен таласа тұрып, біз бен тебенді жанына серік қылатын етікшілердің еңбегі нағыз бейнет.
Етікшілік – көне кәсіптің бірі, оның тамыры сонау полеолит дәуірінен бастау алады. Қазіргі күні етікшілердің көмегіне көп жүгінбесек те, өткен ғасырларда бұл мамандыққа деген сұраныс көп болған. Ежелде Еуропада Сальваторе Феррагамо, Паскуале Фабрицио сынды етікшілердің есімі тарихқа алтын әріппен жазылған. Себебі, Сальваторе қарапайым етікшіден бастап, аяқ-киім тігетін зауыттың бастығына айналған. Бүгінде Италияда Феррагамоның мұражайы бар. Ал, Паскуле болса, Мадонна, Рианна, Анджелина Джоли сияқты америкалық әйгілі әншілердің аяқ-киімін тігіп, байлығын еселеп отырған. Тіпті кәрі құрлықта «жұлдыздар қаншалықты танымал болса, олардың етікшілері де соншалықты танымал» деген ұғым қалыптасқан.
Тарихта аяқ-киім киюдің де өзіне тән ерекшеліктері болған. Мысалы, етікшілер ежелгі римдіктер үшін арнайы аяқ киімдер тіккен. Оларды қарапайым халықтың киюіне тыйым салған. Мәселен ,жоғарғы тап өкілдеріне арналған аяқ-киім өлшемі, яғни ақсүйектер ұзындығы 24 дюим болатын етік кисе,орташа тап өкілдері 12 дюймдік, ал қарапайым халық 6 дюймдік аяқ-киімдер киген.
Қазіргі таңда жасыратыны жоқ, етікшілік кәсібіне менсінбеушілік танытатындарымыз аз емес. Екі қолға бір күрек таба алмай отырып, арланатындары бар. Бірақ, қармақшылық етікшілер кәсіптерін нағыз табыстың көзі деп санайды. Олардың ойынша табысты адал еңбекпен табу маңызды. Көпшілік қырын қарайтын кәсіп түрі болса да, күнделікті нәпақасын біз бен тебеннің арқасында айырып отыр. Жуырда бізге аудандағы бірнеше етікшілермен әңгіме-дүкен құрудың сәті түскен еді. Етікшілікке келгеніне 25 жылға жуықтаған ағамыз Әлімхан Байжанов кәсібі туралы ағынан жарылды.
– Жеке кәсіпкер ретінде тіркелдім. Барлығы заңды түрде. Үйдің жанына аяқ киім жөндеу шеберханасын ашып қойғанмын. Ай сайынғы салығымды төлеп тұрамын. Өз уақытында келемін, кетемін. Ешкімге тәуелді емеспін.Табысым қанағаттандырады. Бала-шағамды асырауға, жүріп-тұруыма жетеді. Аяқ киімді жөндейтін құралдарға айтарлықтай қаржы да жұмсалмайды. Тек әрбір қажетті затты молынан алып қойсақ болды,-деді ол.
Қайрат Төребеков те Көшербаев көше­сін­дегі сауда үйінің бір бөлмесін жалға алып осы кәсіпті дөңгелетіп отырған кәсіпкер.
– Мен бұл кәсіппен 1993 жылдан бері айналысып келемін. Үйреніп әрі қарай алып кетемін деген ойда болған жоқ. Бір кісінің үйретуімен аяқ киім жөндеуді игердік. Жеке кәсіпкер болып тіркеліп, осы жерді жалға алып отырмын. Шүкір, табысым жетеді дей аламын. Тапқан табысыма қыдырып та, тамаққа да жаратып отырмыз. Кей күндері 10 адамға дейін келіп жатады, кейде 3-4-еуі ғана келеді. Қанағат дейміз. Осы уақытқа дейін бірде-бір адам келіп істеген ісіме шағым айтқан емес, соған қарағанда өз ісімді аса ыждағаттылықпен істегеннен болар деп ойлаймын, – деді Қ.Төребеков.
Аталған кәсіп пен тек он екі мүшесі сау ғана адамдар емес, екі аяғынан айырылған жандар да шұғылдануда. Ерлібек Жармаханов бір үйдің отағасы болғаннан кейін, бір үйлі жанды асырау осы кісінің мойнында. Денсаулығына қарамастан осы кәсіпті дөңгелетіп отыр. Екі аяғынан айырылған жан болса да, жұрттың аяғының жылы жүруіне септігін 8 жылдан бері тигізіп келеді.
– 2010 жылдан бері осы кәсіп арқылы нан тауып отырмыз. Үйдің алдында шеберханам бар. Бірақ жаздың күндері болмаса, қыста отыру мүмкін емес. Жылу жоқ. Жаз айлары күндері есігі ашық тұрғаннан кейін өткен-кеткен көріп көп келетін, қазіргі күні жабық тұрғанан кейін көбісі үйден қабылдайтынымды білмей жатады. Білетіндері үйіме келіп аяқ киімдерін жөндетеді. Өзім І топ мүгедегімін. Өз еркіммен отырып тұра алмаймын. Сол себепті кент әкімдігінен үйіміздің жанынан жер сұрағанмын, ол үшін тендерге қатысуым керек. Менде тендерге қатысатын ақша жоқ. Сол жағы қиындау. Енді күніне 4-5 адамның жұмысын қабылдаймын. Нан-пұлымызды осыдан айырып отырмыз. Шүкір жетеді, – деп Ерлібек Жармаханов ағынан жарылды.
Етікшілік – тек тиянақтылық пен еңбек­қорлықты ғана емес, аса шыдам­дылықты қажет ететін мамандық. Біз әңгімеге тартқан етікшілер де бұл тақырыпты айналып өтпеді.
«Адамдар әр түрлі ғой. Түсініп болмайсың. «Бірі – жөнделген аяқ киімді ұнатса, бірі – «мынау дұрыс тігілмеген, қайта жасап беріңіз» дейтіндері де кездеседі. Бәрінің көңілінен шығу әрине қиын. Тұтынушының көңілінен шығып жатса қуанамыз. Ал қырсығып, мінез көрсетіп тұрып алатындарға амал жоқ, қайта жасап береміз. Орыстарда айтады ғой «клиент всегда прав» деп. Дәл сол секілді. Дұрыс жасалғанын біліп тұрсақ та, сөзге келмей қайта жасап беруге тырысамыз. Кейбір адамдар бағаларың қымбат, бір аяқ киім сатып алуға болады деп жатады. Біз бағаны жұмсалған материалға байланысты қоямыз,-дейді бұл саланың мамандары.
Кентте бірнеше аяқ киім жөндеумен айналысатын көптеген орындар мен дүңгіршектер бар екен. Соған қарағанда «етікшілік-өлмейтін кәсіп» болып тұр. Біз етікшілердің бойынан өз кәсібіне деген құлшыныс пен адалдықты байқадық. Қол-аяғы балғадай, еңбекке жарамды бола тұра көшеде көрінгенге қол жайып, тіленіп жүрген кей азаматтар осындай кәсіп иелерінен үлгі алғаны дұрыс. Бұл кәсіпке жоғарғы білімнің де қажеті жоқ. Етікшілік мұрын шүйіре қарайтын жұмыс емес, керісінше табысты болудың бірден-бір көзі.
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ.
15 ақпан 2018 ж. 2 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031