» » » ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТЫ ТУ ЕТКЕН

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТЫ ТУ ЕТКЕН

Ақтөбелік Роза Бисекенова алғашқыда ісмерлік өнердің бастауы мен қыр-сырына ою ойып, сыр­мақ тігетін анасы арқылы қанығыпты. 
Кейін­нен ол тігін­шілікке біржолата ден қояды. Осы мақсат оны Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мем­лекеттік университетінен дизайнерлік маман­дық алуға жетелейді. Бүгінде халықтық қол­өнерімізді ұлттық құндылық ретінде қастерлей бі­летін қаршадай қыз дербес тігін ательесінің ие­сі.
Біз онымен ой-пікір ал­масқ­ан кезде киімдерді ұлт­тық нақыштар мен этно сти­льдік үлгіде тігуге ба­сым­дық беретінін білдік. Роза­ның қолынан шыққан сәнді де сапалы ұлттық киім­дер түрлерінде кең-байтақ д­а­ла­мыз бен көгілдір аспанмен ұштасқан тауларымыз көрініс тауыпты. Ал екін­ші бірінде киіз үйлер бейнеленіп, кербез жолдары бедерленген. – Камзол-қа­же­­кейлер мен бас киімде ор­­наласқан ою-өрнектерді жүн­нен дайындаймын. Төрт түліктің таң­балары да осын­дай әдіс­пен әдіптеледі. Көй­лек­пен бірге көмкерілген қазақ­тың ұлттық ыдысы – тор­сық та бұл топтаманы то­лықтыра түседі, – дейді ол.
Ал қошқар мүйіз сти­лі қол­данылған келесі бір өніміне жас дизайнер «Назерке» деген атау бе­ріп­ті. Бойжеткендерге ар­нал­ған көгілдір түсті бұл көйлек нәзіктік пен әсем­дік­тің белгісіндей әсер қал­ды­­рады. Ал алтын түсті ою­-өрнектер мен маржан тас­тар салмақтылық пен сын­дарлықты танытып тұрғандай.
Ең бастысы, жас дизай­нер­дің ұлттық киімдер тігу ісін­е кәсі­би шеберлікке қоса үлкен жауап­кер­шілікпен қарай білетіні бай­қа­лады. Бұл ретте Роза ежелгі ұлт­тық стильді қазіргі заманауи сән үлгілерімен үндестіруге, әрі өзге дизайнерлердің қол­таңбасын қайталамауға ұм­тылады. Р.Бисекенова Ақ­төбе қаласындағы «Ру­ха­ни­ят» музейінде қыз­мет­ жасайтын «Шебер Арт» клу­бының бел­сен­ді мүшесі.
Өткен жылы оның «Ою ойы­лым өрнектеп» ат­ты же­ке көрмесін тамашалаушы­лар да көп болып еді. Өткен жылдың аяғында Алматы қаласында өткізіл­ген «Қазақстанның жыл көйлегі-2017» ұлттық бай­қауын­да жүлдегер атанған Роза Бейсекенова алдағы нау­рыз айында Үндістанда өткі­зілетін дүниежүзілік сән бай­қауына жолдама алыпты. Ол мұнда ұлттық нақыштағы киім үлгілерін әлемдік сән корифейлерінің назарына ұсынбақ.
Темір ҚҰСАЙЫН


23 қаңтар 2018 ж. 2 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031