» » Хоббиі бизнеске айналды

Хоббиі бизнеске айналды

Қазір кәсіпті меңгеруде мүмкіндік көп. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар қанатқақты жобаларымен кәсіп ашуға ниеттенгендерді қолдайды. Әсіресе, жастардың арасында ерекше кәсіп ашқандардың қатары қалың. Солардың бірі – қармақшылық Самат Өскелеңов.

Самат Мұсағалиұлы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша арнаулы курстан өткен. Әдепкіде ағаштан кәдесый жасаған оның бұл идеясы қолдау тапты. Қолы қалт еткенде ағаштан, мүйізден түрлі бұйым, тіпті мүсін жасайтын оның хоббиі осылайша бизнеске айналды.
– Бұл – менің шеберханам. Қажетті бұйымдарды осында жасаймын. Жоба құны – 2 миллион теңге. Бұл қаражатқа арнайы аппараттар мен құрылғылар алдым. Ауладан өз алдына бөлек шеберхана салып жатырмын, – деді ол.
Он саусағынан өнер там­ған жас ғимараттың ішкі көркемдік дизайнын да заманауи үлгіде жасаумен ай­налысады. Оған қоса қо­лынан музыкалық аспаптар, сантехникалық жұмыстар, тіпті темірден қылыш, әшекей бұйымдар да жасау келеді. Оған да жоспар дайындап, жоба қорғау мақсаты бар.
– Жоғары оқу орнында тәмамдаған мамандығым – суретші. Уақыт өте келе мен қолөнердің барлық саласына қызығушылығымды ояттым. Қатарлас достарымның қасынан қалмай, ағаштан, металдан бұйым жасауды үйрендім. Станоктардың қыр-сырына қанықтым. Бастысы – ізденіс. Қазір «алма піс, аузыма түс» деп аспанға қарап, ауыз ашып отыратын заман емес. «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды». Бұған дейін барлығын жалғыз өзім істесем, енді қасыма көмекші керек болды, – деді жас кәсіпкер.
Саматтың нағашы атасы Кенжеғара ұста болған. Әкесі жағынан Иса мен Төребек – тұлпарға мінер ер дайындап, сурет салған өнер иелері. Сондықтан қай жағынан дарыса да, Саматтың бойындағы таланттың биікке жетелері сөзсіз. Талапшыл жас бастысы, құрал-сайман болса, істің алға басатынын айтады.
– Мәселен, мына бор ма­шинамен бір күнде бір кәде­сый дайындауға болады. Уақыт үнемдейсің, жұмы­сың өнеді. Ал, бұл құралсыз бір кәдесыйды бір аптада бітіретінмін. Жаңа технологиялардың қайсысы болмасын, адамның игілігіне жасалған, – деді С.Өскелеңов.
Табалдырықтан бастап көзтартар көркем интерьердің куәсі болдық. Баспанасының ішін де ерекше үлгіде жасаған. «Мұның барлығы баламның қолынан шыққан» деп пер­зентін мақтаған ата-ана да баласына шабыт сыйлап, арқасынан қағады.

Дәулет ҚЫРДАН.
18 шілде 2019 ж. 1 349 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031