» » Такси – кәсіп, бұйырған – нәсіп

Такси – кәсіп, бұйырған – нәсіп

Есектің артын жуда ақша тап. Қоғамның талабы солай. Тиын санаған нарық заманда екі қолға бір күрек ал да еңбек ет. Тыраштан. Алма піс аузыма түс дегенді қоғам көтермейді. Әлемде түрлі кәсіп бар. Соның бірі – таксишілік. Иә, жазылғалы отырған жайдың жалғасы «осы» хақында болмақ.
Таксишілік қаражат көзін табудағы ең қарапайым кәсіптің бір түрі. Бұл кәсіппен көбіне зейнет жасына шыққан үлкен ағаларымыз бен оқу бітіріп жұмыссыз жүрген азаматтар айналысады. Кей қалаларда такси көлігін тізгіндеген әйелдерді де байқаймыз. Әйел демекші өйткенде теледидар жаңалығынан Халида есімді таксишіні көрсетіп жатыр. Ол осыған дейін банкте жұмыс істеп жүріп қысқартылып қалған екен. Мойынындағы несие мен баласының оқу ақысын төлеу үшін осы таксишілік кәсіпті таңдапты. Әрине, сырт көзге әйел затының табиғатына жат іс болу мүмкін. Алайда бұл кәсіпте жыныс талғамайтынын мойындағандай. Бастысы адал еңбек және бала-шағаның нәпақасы. Бүгінде ауданымызда такси қызметін домалатып жүргендер көп. Жолшыбай жолығатын таксилерден көз сүрінеді. Адам аяқ алысы көп жүретін жерлерде шоғырланып, өз орындарында белгілеп, иеленіп алған. Барлығы бір тәртіпке бағынып кезекпен жүреді. Кейде тұрған таксимен сөйлессеңіз қымбатқа түседі. Есесіне көше кезген көлікті тоқтатсаңыз тиісті орынға ойдағы сомаға апарып салады. Осы кәсіп жолында неше жыл еңбек етіп, ел жұртқа танылып жүрген ағаларымыз да жоқ емес. Арыстан (есімін толық атамауды сұраған) такси қызметінде жүргеніне он алты жыл болғанын айтады.

– Алғаш рет екі мың төртінші жылы тізгіндегенім «Волга» машинасы болды. Кезінде депутаттар мінген бұл көлікке ешкімнің қолы жете бермейтін. Қазір осы темір тұлпарымның арқасында халықтың сенімінен де шықтым. Бір-екі отбасының балаларын балабақшаға апарып әкеліп те жүрдім. Оңалту орталығында да үш-төрт ай адам тасып, жалақыға жұмыс істедім, – деді Арекең.
Расымен көлігінде мін жоқ, ескі деп айтуға да қимайсың. Кезінде дөкейлер мінген көлік. Осы кәсіп үшін несиеге көлік сатып алғандарды да жолықтырдық. Диплом бар да жұмыс жоқ дегеннің бірі Қали (атын атамауды өтінді) есімді жігіт. Мамандығына жұмыс табылмағасын такси қызметіне ойысыпты.
– Құла таңнан такси тұрағына келіп тізілемін. Жосалы-Қызылорда бағытына адам тасимын. Бір күнде төрт-бес рейске дейін барамыз. Кейде қаладан қайтуға адам болмай қалады. Амал жоқ бос қайтпау үшін қонып қалған күндерім де болды, – деді ол.
Рас. Ауыл ішінде тапқан табыс несиеңді жамауға келмейді. Сол үшін қалалар арасын жалғап осылай күн көріп жүргендері көрініп тұр.
Айтпақшы, ауданымызда ватцап жүйесінде онлайн таксиге тапсырыс беру қызметі тегін жұмыс жасап жатқанын құлағымыз шалып қалды. Аудан халқы жаңашыл кәсіптің бұл түріне оң бағасын беріп үлгеріпті. Қалаға жол жүретін болсаңыз не болмаса ауыл арасына такси керек болса онлайн жүйеге тіркеліп мекен-жайыңызды айтып хабар береді екенсіз. Тапсырыс алған бос таксиші сізге бара жатқанын ескертіп хабарлайды. Иә, кәдімгі қол жетімді кәсіп.

Ерсін Сәдуұлы
"Қармақшы таңы"
19 ақпан 2019 ж. 1 528 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031