» » ТАКСИШІЛІК КӘСІП ПЕ?

ТАКСИШІЛІК КӘСІП ПЕ?

Қармақшыға алғаш келген кезім. Көше білмеген соң таксиге отыруыма тура келді. Түскі үзіліске асығып барамын. Үлгеру керек. Жол бойына шығып әлгі таксилерді күтіп тұрмын. Жүйткіген бірде-бір жеңіл көлік жоқ. Әрі күтіп, бері күтіп болмаған соң жаяу қайттым. Білетіндерден сұрағанымда «олар түскі үзіліске шығып, 5-тің де шәйін ішеді» деп қалжыңдады. Такси болып аз-маз ақшамен күнелткенімен, ол да табыс көзі ғой. Жоқтың қамы. Әңгіменің әлқиссасы, біздегі такси қалай? Жалпы, таксишілік кәсіп пе?
Тілші болған соң бір күнде бір емес бірнеше жиналысқа барасың. Кейде уақыты қатар кеп қалатын кездер болады. Осы кезде түскі үзіліс пен сағаттың тілі 5-ті көрсетпеуін тілейсің. Себебі, бұл уақытта такси табу қиынның қиыны. Бірде сағат 5-ке таяды. Жиналысқа үлгеріп баруға үміт бар. Жол жөнекей такси тоқтатпақ болдым. Бірақ, қарасы көрінбейді. Жолда жүріп келем. Көшеге көз қиығыммен қарап келем. Жоқ. Бір кезде жүйіткіген жеңіл көліктің гүрілі естілді. Қуанып кеттім. Көптен күткен такси де келіп тоқтады. Жүргізушісі елуді алқымдаған, ашық-жарқын кісі екен. Амандық-саулық сұрасқан соң өкпемді айтып қоямын. Әңгіме үстінде сұрақты «таксишілік кәсіп пе?» деп төтесінен қойып қалдым. Біраз уақыт үнсіздіктен соң таксисші үн қатты.
– Әрине, кәсіп. Таң атқаннан күн ұясына батқанға дейін рульде отырамын. Кейде таңға дейін жүретін кезім бар. Кезінде оқуға түсе алмай, ата-анамның қасында қалдым. Жалғыз бала болған соң сыртқа шығарғысы келмейтін еді. Ауыр жұмыстарды да істедім. Әйтеуір, отбасын құрып балалы-шағалы болдық. Қазір ауыр жұмыс істеп күнелтуге денсаулығым көтермейді. Осы күннің өзінде әрең жүрмін. Бір барған жерге 150-200 теңге, арғы бетке 300 теңгеге қатынаймын. Ал күніне кем дегенде 15 адамды апарсам жақсы табыс емес пе? Отбасымды осылай асырап жүрген жайым бар, – дейді Нұрлан Бекжанов (аты-жөнін өзгертуді сұрады).
Кентте қалаға қатынайтын такси көп. Кезек-кезек зуылдап жатыр. Бағасы 1200 теңге. Автобусқа билет болмай, не асығыс болсаң оп-оңай такси тұрағына барып, міне қоясың. 1,5-2 сағатта қалаға да жете қоясың. Көліктері таза, адамдары да жайлы.
– Қала мен кенттің арасына қатынап үйреніп те кеттім. Клиенттер де тез жиналады. Қаладан келген соң кезекке тіркелеміз. Содан соң, тізім ретімен жол жүреміз. Машина жолда бұзылмауы үшін, алдын ала жөндеуден өткізіп тұрамын. Жол қысқарту үшін де әңгіме айтып, көңілді баруымызға барынша тырысамын. Кентке келгенде клиентті үйіне дейін жеткізіп салу міндетіміз, – дейді Жосалы-Қызылордаға қатынайтын такси жүргізушісі (аты-жөнін жазбау­ды сұрады).
Заман талабына сай қазір технологияның дамыған кезеңі. Қалада жеке такси қызметінен бөлек «Indriver» деген бағдарлама бар. Яки, қалтафонға жүктейсіз де, саусағыңызбен түртіп қалсаңыз такси 2-3 минутта есік алдында тұрады. Қалай дейсіз ғой? Әлгі жүйеге баратын жеріңіз бен беретін ақыңыздың мөлшерін ұсынасыз. Келіскен такси оны қабылдап, үйіңізге келеді. Бір қызығы ол көліктің қай жерде келе жатқанын картадан көре аласыз. Ал, бізге бұл жүйе келе қоймағанымен «Olx» бар. Мұнан баланы балабақшаға күнделікті апарып тұратын, шет ауылдарға қатынайтын жүргізушілердің байланыс нөмірі көрсетіледі.
Кейде несиеге қымбат көлік алып, өтемін өтей алмай таски болатын азаматтарды байқайсың. Байқап қана қоймай қынжыласың. Олардың жол ақысы да ұшып тұр ғой. Ал, шетелде «Ferrary Enzo» автокөлігімен омандық шопыр әлемге әйгілі. Оның мақсаты – асыққан адамды, жылдамдықпен діттеген жеріне аман-есен жеткізу екен. Құдды «Такси» киносындағыдай. Ақысы да қалта көтермейді. Астанадағы таксистің бір күнде табатын табыс көзі 20-30 мыңға жуық. Мейрам күндері одан да асып түседі екен.
Белгілі жерде жұмыс істесе де бос уақытында такси болатындар бар. Кейде екі аяғын аспанға тіреп, көкжәшікке телміріп футбол көріп, сыра ішкендерден мың есе артық па дейсің. Расымен де, жұмыстың жеңілі жоқ қой. Бірі – отбасын асырап, табыс көзіне айналдырса, енді бірі – тепсе темір үзетін жап-жас жігіттер таксист болып жүр. Сондағысы «жанармайға ақша жинап алайын деп едім», «ауылда істейтін тірлік жоқ» дейді. Әрине, такси болу – кәсіп. Ал, оны айналдыра алу кез келгеннің қолынан келе бермейді.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
12 қыркүйек 2018 ж. 2 323 2

JeaCold от 11 ақпан 2019 16:28
Priligy Tetracycline Cialis Canada Vendita cheap cialis online Vente De Cialis Pas Cher Propecia Prostate Cancer Prevention

StevMype от 8 мамыр 2019 14:27
Levitra Se Vende En Farmacias Differin Viagra Pharmacie Gratuit farmacia online propecia Aquetic Best Pharmacy To Buy Tadalafil

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031