» » Баланы массажбен емдетіңіз

Баланы массажбен емдетіңіз

Бүгінде емханаға бара қалсаңыз баласын құшақтап жүрген ата-ананы жиі кездестіресіз. Көбісі жаңа туған сәби. Ауырмай баланың өспейтінін білеміз. Дегенмен бұл сіз бен біз жақсы білетін суық тию не болмаса іш қату деген аурулар емес. Ауру да жасарып бара жатқандай...
–Балама 1 ай. Дәрігер дисплазия деп диагноз қойды. Массажға ерте бастан апарсаңдар кетеді дейді. Бала – бар байлығымыз. Сондықтан біз ата-анасы ретінде бар жағдайды жасауға тиіспіз. Бұйырса массаж алуға баламды алып барамын, – дейді жас ананың бірі.
Иә, қазірде жаңа туған сәбилерге осындай түрлі диагноз қояды. Біріне – гипоксия, енді біріне – рахит, келесісіне дисплазия сынды ауруларды айтады. Балалар арасында мұндай аурудың жиі ұшырасуын экологиядан, ананың жүктілік кезінде дұрыс тамақтанбауынан, күтінбеуінен дейді мамандар. Осы орайда дәрігерлер баланы массажға апаруға кеңес береді. Себебі жаңа туған сәбидің 1 жасқа дейін қалыптасуы өте маңызды. Сондықтан әрбір жаңа туған нәрестеге сауықтыру жаттығуларын істеп, аурудың алдын алуға мүмкіндік бар. Дегенмен ауданда білікті массажист мамандар аз. Сол себепті мұндағылар қала асып, сонда барып ем қабылдауға мәжбүр.
Сәуле Байбуланова – ауданда массаж істейтін жас маманның бірі. Өзінің арнайы білімі де бар. Ол балаларды сауықтыру үшін жасалатын массаж түрлерін жақсы меңгерген.
–Алматы қаласындағы «Алтын алақан» балалар массаж орталығында Гүлмира Бекболқызынан оқып, үйреніп келдім. Ол білікті маман. 30 жылға жуық тәжірибесі бар. Оның үстіне Қытай мен Түркия елдерінде болып іс-тәжірибеден өткен. Сондықтан тәжірибелі маманнан дәріс алып, массаж түрлерін меңгергеніме қуанамын. Қазірде қоғамда массаж маманы керек-ақ, – дейді Сәуле.
Рас, қазіргі балалар аурушаң. Нәрестелердің дені, яғни 70-80 проценті дисплазия немесе гидроцефалия (бас сүйек куысында ми-жұлын сұйықтығы көлемінің көбеюі) дертімен бірге туылуда. Ал бұл аурулардың бірден-бір емі – массаж. Бұл үшін тек сауатты әрі тыңғылықты жасалатын массаж ғана көмектесе алады.
–Жаңа туған баланың жамбас сүйегі мен аяқ сүйегінің орны дұрыс болмаса онда дисплазия диагноз қойылады. Жаңа туған 10 қыздың 7-еуінде дисплазия диагнозы анықталады. Ал бұл көрсеткіш ұл балаларда азырақ. 4-6 айға дейін дисплазия диагнозы қойылып, осы кезден бастап массаж қабылдаса 2-3 курстан соң кетеді. Сол себепті балаға дер кезінде массаж қабылдауға кеңес беремін. Массажды ауыртып, қатты қол батырып жасаса, солай дұрысырақ деп ойлайтындар да бар. Ол қате пікір. Алғашында бұлшықеттердің ауырсынуы орынды, әрине, бірақ массаж бір-екі күннен кейін жағымды әсер беруі тиіс. Егер массаж жасалған жері көгерген немесе қатты қанталаған болса, демек массаж дұрыс жасалмаған, – дейді массажист.
Балалар массажы бұл жаңа туған 1 жасқа дейінгі сәбиге де, жалпы балалар үшін өте қажет. Жағымды көңіл-күй, тыныштандыру мен балаларда жиі кездесетін іш кебуді басатын массаждар бөбегіңізге қуаныш сыйлайды. Баланы жайлап сылап-сыйпау психологиялық тұрғыдан тыныштандыра отырып, белсенділігін де арттыра түседі.
Адамдар массаж алсақ барлық аурудан құтыламыз деп ойлайды. Шын мәнінде массаж ауруды жеңілдетіп, сауығып кетуіне күш береді. Ал қалған 80 проценті адамның өзіне байланысты. Сондықтан балаңыздың да, өзіңіздің де денсаулығыңызды күткеніңіз абзалырақ.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
17 қыркүйек 2019 ж. 3 024 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 046

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031