» » Атасы жаңа туған немересіне ішімдік ішкізіп өлтіріп алды

Атасы жаңа туған немересіне ішімдік ішкізіп өлтіріп алды

Ақсақал жаңа туған немересіне ішімдік беремін деп өлтіріп алды. Қытайдың Пекин қаласында орын алған оқиға туралы AsiaOne ақпараттық порталы жазады.

Отбасының туған-туыстары мен достары сәбидің бір айға толуын атап өту үшін бас қосқан екен. Нәрестенің атасы тост айтқаннан кейін қонақтардың бірі: "Немерең ішпесе, қалай ішесің?" – деп қалжыңдайды.
Сол кезде ақсақал сәбиге өз бокалынан ішімдік ішкізген. Анасы жетіп барып, бөбекті қолына алады. Арада жарты сағат өткенде сәбидің тынысы тарылып, дем алмай қалыпты.
Баланы шұғыл ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер өміріне араша түсе алмады. Сәби өлімі туралы қорытындыда нәрестенің ішімдіктен улану салдарынан шетінегені жазылған.
18 шілде 2019 ж. 2 173 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 142
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 338

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031