» » Ит ұйықтап жатып тұншығып қалған сәбидің өмірін құтқарып қалды

Ит ұйықтап жатып тұншығып қалған сәбидің өмірін құтқарып қалды

Англиядағы Кент графтығында 23 жастағы Шэннон Уикс түнгі сағат 23:00 шамасында кішкентай қызын ұйқыға жатқызған. Мұнан кейін үйіндегі шаруаларды тындыруға кеткен. Алайда біраз уақыттан кейін үйдегі ит өзін біртүрлі ұстай бастапты.
Ит ұйықтап жатып тұншығып қалған сәбидің өмірін құтқарып қалды
«Біздің итіміз үйдің ішінде әрлі-берлі жүгіріп, тоқтамай үрді. Біз не болғанын түсіне алмадық. Себебі ол бұған дейін мұндай қылық көрсеткен емес. Ол мүлде сирек үреді», – дейді Шэннон Уикс.
Мұнан кейін ит Шэннонның жанына келіп, сәби ұйықтап жатқан бөлмеге қайта жүгіре жөнелген. Осылайша үй жануары төніп тұрған қауіпті ескерткісі келген. Анасы бөлмеген кірген кезде қорқынышты көрініске куә болған. Етпетінен жатқан Хлоя жастыққа тұншыға бастапты. Шэннон оны бір қырына аударған кезде, сәбидің көгеріп кеткенін көрген.
Ит ұйықтап жатып тұншығып қалған сәбидің өмірін құтқарып қалды
Сол күні сәбидің іші ауырған екен. Нәтижесінде ол жастыққа құсып қойған. Ал құсықтың бір бөлігі қыздың тамағында тұрып қалыпты.
«Бұл нағыз сұмдық жағдай болды. Мен оны аударғанымда, денесі көкпеңбек болған еді. Әрең қимылдап жатты. Мен оның арқасынан ұрғыладым. Сол кезде тамағына тұрып қалған құсықтың қалдықтары шығып кетті. Сөйтіп ол тыныс ала бастады», – дейді Хлояның анасы.
Ит ұйықтап жатып тұншығып қалған сәбидің өмірін құтқарып қалды
Мұнан кейін анасы Хлояны дәрігерлерге көрсету үшін ауруханаға бет алған. Дәрігерлер ит үріп, сұмдық жайт туралы ескертпегенде, ата-анасы кішкентай қызынан айырылып қалатынын айтқан.
Ит ұйықтап жатып тұншығып қалған сәбидің өмірін құтқарып қалды
Оның сөзінше, Кинг Чарльз атты ит үй иелері үшін нағыз қаһарманға айналған. Ол өз әрекетімен баланың өмірін құтқарып қалды. Бұрын Хлоя итінен қорқып, жақындамауға тырысса, бүгінде екеуі айырылмас достарға айналған. Иттің өзі де кішкентай қыздан бір елі алшақтамайды.
Stan.kz








04 қыркүйек 2018 ж. 1 318 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031