» » МЕДИЦИНА БЕСІККЕ БӨЛЕУГЕ ТЫЙЫМ САЛМАЙДЫ

МЕДИЦИНА БЕСІККЕ БӨЛЕУГЕ ТЫЙЫМ САЛМАЙДЫ

      Бәріміз баланы бесікке салып өсірдік. Онсыз мүмкін емес еді. Бесіктегі бала қауіпсіз, әрі ұйқысы да тыныш болады. Бөлейміз де тірлігімізді алаңсыз жасап жүре беретінбіз. Кейінгі жылдары медицина қызметкерлері баланы үзілді-кесілді бесікке бөлеуге тыйым салды деген қауесеттер көбейіп кетті. Тыйым салады. Бірақ себеппен ғана. Бесіктегі баланың аяғы, кеудесі қатты байланатындықтан қан айналу жүйесіне әсер етеді. Бесікте жатқан баланы емізуге болмайды. Өйткені шашалып қалуы, өкпеге сүттің тамшысы түсіп кетуі әбден мүмкін. Сондықтан баланы бесіктен жиі босатып, қол-аяғын қозғап, тамақтандырып отырған жөн. Қазір экологиялық жағдайға, әйелдің жүкті кезінде денсаулығына аса мән бермеуіне байланысты аурушаң балалар дүниеге келіп жатыр. Туған екі сәбидің бірі гипоксия, бас сүйек қысымы (черепное давление), дисплазия сынды диагноз алуда. Дисплазиясы бар сәбидің аяғын қатты байлауға болмайды. Миына зақым келген, бас, жүрек қан тамырында ақауы бар баланы бір қалыпта ұстау қажет. Сондай себептермен дәрігер уақытша ғана бесікке бөлеуге шектеу қояды. Біз қазақпыз, сан ғасырдан бері жоғалмай келген қымбат дүниеміздің құнын бұлай түсіруге қақымыз жоқ. Қайта дәл қазір қалалықтарға көбірек насихаттауымыз керек. 
Ұрхия Тұрмағамбетова,
педиатр.
22 сәуір 2019 ж. 1 895 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 368
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930