» » Бір реттік жаялық

Бір реттік жаялық

«Сіздің балаңыздың денсауллығы мен бақыты біздің қолымызда, және оған біз қамқорлық етеміз» – деп жарнамалайтын «памперс» өнімі ұрпағымызға кері әсерін тигізетінін білесіз бе? Бір реттік жаялықты қолдану уақыт үнемдеп, әрі үй тазалығын сақтайды.
Алайда, бала денсаулығына тигізетін зияны да аз емес. Бұл жаялықты жасау үшін әртүрлі химиялық шикізаттар қолданылады. Олар: целлюлоза (ағаш), полителен (табиғи мұнай), жұмсақ резеңкелер – полипропилен (бұл да су өткізбейтін пластиктің бір түрі), сонымен қатар жаялық ақ түсті беру үшін ағартқыштар, тәтті иіс шығуы үшін отдушкалар қосылады. Жаялықтың негізгі қызметінің жауапты мүшесі – Сұйықтықты гельге айналдыратын және құрғақ күйінде сақтайтын қабаты. Ол целлюлоза және гидрофильді қаптамамен қапталған аса күшті сорғыш қабат, яғни суперабсорбент. Абсорбент ретінде натрий полиакрилаты қолданылады. Бұл затты 1985 жылдан бастап, медицина саласында қолдануға әлемдік денсаулық сақтау ұйымы тыйым салған. Бала кіші дәретке барған соң мүшесінің табиғи температурасы бірден жоғарылайды, аздан кейін памперске сіңген зәр қайтадан тастай болып суиды. Бұл дегеніміз аталық безінің дамуын тежейді. Ең сорақысы күні бойы бөбек денесінің 30 % жауып тұрған бұл жаялықта, жыныс мүшесін қатты әлсіретеді екен. Есептесек, 2000 жылдан бастап елемізде сәнге айналған бұл жаялықтың сәбилері қазір 17 жасқа келді. Демек алдыңғы он жылда белсіздердің саны артып, еліміздің демографиясына кері әсерін туғызуы мүмкін.
Бір реттік жаялық жоқ заманда апа-әжелеріміз баланы бесікке жатқызған. Ал қазіргі таңда сол бесікте түнеп өскендердің саны азаюда. Себебі памперс пайда болды, салып қоясың, уақытың да жеткілікті. Бірақ сол жалқаулық пен жасанды жаялықтың түбінде жамандықтың айналып келерін бірі – білсе, бірі – білмейді. Жаңа ағаш отырғызғанда оны түзеу қылсаң, өскенде қисаймайды. Сол сияқты сәби денсаулығын туғаннан бастап ойлаған абзал.
Айнұр ӘЛИ.
06 ақпан 2018 ж. 2 054 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930