Ғасыр куәгерінің қарашаңырағы
Ақай ауылындағы көшелердің біразы асфальттанған. Жарықшам да көп. Жеңіс көшесінің бойында келеміз. №27 үйдің маңдайшасында «Бұл үйде Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмырза Жарманов тұрған» деген жазуды көзіміз шалып, тоқтай кеттік. Ғасыр жасаған Байқоңыр қаласының құрметті азаматын танымайтындар кемдекем...