» » » Талантты Тасқын әжей

Талантты Тасқын әжей

Атақты малшы болған Дәулет ақсақалдың қызы Тасқын әже 1939 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. 1960-жылдары отбасымен «Әскери қала» Байқоңырға көшіп келіпті. Қаладағы ауруханада ұзақ жыл жұмыс істеп «Еңбек екпіндісі» төсбелгісін иеленген. Кейін №22 әскери ауылға (қазіргі Ақай ауылына) қоныс аударған. 1980 жылға дейін мақтаулы жұмыстар істепті. 30 жыл сауыншы, ауылдық кеңеске депутат болып сайланған. «Ауыл ішіндегі Құрмет тақтасында Тасқынның суреті ылғи ілініп тұратын» дейді замандастары. Сауын сауып, мал шаруашылығымен айналысып жүріп өмірге 9 бала әкелген. Батыр ана, «Алтын алқа» иегері. – Кейде өткен күндерді ойласам таңқаламын. 9 баланы өсіріп, жетілдіріп, тәрбиелеп, оқытып жүріп қалай жұмысқа үлгергенбіз деп. Шаршау дегенді білмеппіз. Үнемі еңбекпен шыңдалған соң зейнетке шыққаннан кейін қалай босқа отырамыз?! Киіз үй сатып алып, соны жабдықтадым. Текеметі, киізі бар, жасау-жабдығын дайындап ғарышкерлерге үй тіктім. Содан Байқоңырға қандай қонақ келсе мен сол жердемін. Көрмеге шығарады. Әлгі киіз үйдің бар жабдығын таныстырамын. Арасында әндетіп, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтыным тағы бар. 5-6 жыл бұрын Канададан журналист келіп, «қазақтың ұлттық өнерін насихаттап жүрген ана» деп сұқбат алды. 20 жылдай «Әжелер» ансамблінде ән салдым. Одан қала бере мектеппен тығыз байланыста болдым. Тәрбие сағаты, мектепішілік іс-шаралардан қалған кезім жоқ. «Тасқын әже, тұсаукесу рәсімін көрсетіп беріңіз» десе болды, ақ кимешегімді киіп жүгіре жөнелемін. «Қыз сынына» қазылар алқасына шақырады. Отбасылық жарыстарға немерелерімді алып, қатыса беремін. Сондай көңілді, өнерлі ортаны жақсы көремін. Осы бір жылдың көлемінде денсаулығым сыр беріп, жарамай отырмын. Бірақ көңіл әлі жас қой, – дейді әжей. 70 жасында «Қарттардың да өнерге бар таласы» атты аудандық байқаудан бас жүлде алса, 75 жаста да дәл сондай өнерлі қарттар байқауында оза шауыпты. Ақ кимешек пен түрлі оюлы көйлек тігіп киетін әженің талғамы да ерекше. Ал берген батасын айтсаңызшы. Баталы қарттар байқауына қатысса, бас бәйге осы кісінікі болар еді.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
Айнұр ӘЛИ (сурет)
26 қазан 2021 ж. 519 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 046

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031