» » » ҰЛТТЫҚ ӨНЕР – ҰЛТ ҰСТЫНЫ

ҰЛТТЫҚ ӨНЕР – ҰЛТ ҰСТЫНЫ

К.Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінінің ұйымдастыруымен «Жыраулар жырын төккенде» тақырыбында рухани жыр кеші өтті. Кешке аудан тұрғындары, ардагерлер мен жастар, өнерсүйер қауым қатысып, рухани сусындады.
Жыр кешінің ашылу салтанатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғарышбек Нысанбаев құттықтау сөз сөйлеп, өтіп отырған кештің ұлт руханиятындағы орны мен маңызына тоқталды. Кешке қатысушы өнер иелеріне игі тілегін жеткізді.
Кеште елімізге белгілі жыршы өнерпаздарымыз Айгерім Ешбаева, Әлішер Мырзағалиев, Кенжебек Есқараев, Ақсұңқар Бүркітбай, Шұғыла Мархабатова, Зияда Жаңабергеновалар Сыр сүлейлерінің шығармаларын орындап, жыраулық өнер мен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді.
Ел бірлігі, туған жерге деген сүйіспеншілік пен рухани мұра кештің негізгі өзегіне айналды. Жыршы-термешілердің тағылымды толғаулары мен термелеріне көрерменнің құрметі мен ықыласы арта түсті.
Салтанат ЖҰМАТАЕВА,
жыраулар үйінің әдіскері
25 тамыз 2026 ж. 275 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30