Құрылтай
» » Аяз келеді: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады

Аяз келеді: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады

Қазгидромет синоптиктер 26-28 қазан аралығына арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын түседі, жел күшейіп, көктайғақ болады, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсуі мүмкін", – делінген болжамда.
Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 3-12-ден 5-15-ке дейін жылы, солтүстік-батыста түнде ауа температурасы 0-5 аралығында төмендейді.
Оңтүстікке келсек, ауа температурасы 10-нан 5-13-ке дейін, республиканың солтүстігінде 2-7 жылудан 2...7 аязға дейін, күндіз 2-15 пен 0-5 жылу аралығында болады. 
Қазақстанның орталығында түнде -3...+5-тен -7...+ 3 дейін төмендейді, күндіз 8-16-дан 2-10-ға дейін жылу, шығыста -3...+5-дан -1...+ 7 дейін төмендейді, күндіз 10-18-ден 0-8 аралығында жылу болжанады.
Елдің оңтүстігінде -1...+7-ден -3...+5 дейін сәл төмендей түседі, ал күндіз 13-22-ден 8-15-ке дейін болады. 
Республиканың оңтүстік-шығысында -1...+7-ден -3...+6-ға дейін ауытқиды, күндіз 12-20-дан 7-15-ке дейін жылынады. 
26 қазан 2021 ж. 781 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31