» » Қар аралас жаңбыр мен көктайғақ: Елде қазан айының басында ауа райы қандай болады

Қар аралас жаңбыр мен көктайғақ: Елде қазан айының басында ауа райы қандай болады

Қазгидромет синоптиктері 30 қыркүйек, 1, 2 қазан күндеріндегі ауа райына болжам жасады. 

Кезең басында Қазақстан аумағының көптеген бөлігі циклон ықпалында болады. Республиканың батыс аумағы Мәскеу аудандарынан жылжыған Солтүстік-батыс антициклонының ықпалында тұр. Еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс, орталығында және оңтүстік-шығыс аудандарда жаңбыр және қар жауады, одан кейін көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
1 қазаннан бастап солтүстік-батыс антициклонының батыстан шығысқа ығысуына қарай жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы одан әрі төмендейді: түнде солтүстікте, шығыста және орталықта 1-6 градус аяз, күндіз 2-7 градус жылы.
Республиканың солтүстік-батысында түнде сынап бағанасы 6 градусқа дейін төмендейді, күндіз 3-13 градус жылы болады.
Ал оңтүстік өңірлерде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз температура 8-13 градус жылы.
Тек елдің батысында ауа температурасының негізгі фоны түнде 3 градус аяз – 5 градус жылы, күндіз 10-15 градустан 13-18 градусқа дейін жылы.
30 қыркүйек 2021 ж. 748 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 074
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031