» » Синоптиктер сәуірде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын болжады

Синоптиктер сәуірде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын болжады


Алдағы бірінші онкүндіктің ортасында және екінші онкүндіктің бірінші жартысында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. 

«Еліміздің солтүстік және солтүстік-батысында түнде 3...8 дейін төмендеуі, кей жерлерде 11 градус аяз, күндіз 0...5 градус, кей жерлерде 8 градус жылы болуы күтіледі», - дейді синоптиктер.
Ал оңтүстік аймақтарда ауа температурасы айтарлықтай жоғарылайды.
«Оңтүстік жартыда түнде 0...5 градус жылы, кей жерлерде 0 градус, күндіз 10...15 градусқа дейін, кей жерлерде 20 градус жылы күтіледі, батыста бірінші және екінші онкүндіктің басында суытады, түнде 0...5 градус аязға дейін, күндіз 5...10 градусқа дейін жылы күтіледі», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-да.
Ал орталық пен шығыста онкүндіктің соңы мен екінші онкүндіктің ортасында суыту толқыны ығысады. Ауа температурасы түнде 3...8 градусқа дейін, кей жерлерде 11 градус аязға дейін, күндіз 5...10 градус жылыға дейін төмендейді.
Ауа температурасының төмендеу аралығы жылу толқынымен ауысатын болады. Сәуірдің бірінші және үшінші онкүндіктерінің басында ауа температурасы солтүстікте, орталықта және шығыста 8...13 градусқа дейін көтерілетін болады, кей жерлерде 18 градус жылы, еліміздің оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінде 20...25 градусқа дейін, кей жерлерде 15 градус жылы, үшінші онкүндіктің басында кей жерлерде ауа 30 градусқа дейін жылынады.
Сондай-ақ, елдің шығысы мен оңтүстік шығысында жауын-шашын жылдағы нормадан көп жаууы ықтимал. 

BAQ.KZ. 



02 сәуір 2019 ж. 998 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 142

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 291

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930