Қазан айында ауа райы қандай болады?
Кей аймақтарда қар ұшқыны білініп, суға мұз қатып, бозқырау түсетін мезгіл де келіп жеткендей. Себебі қазан айы қылышын сүйретіп келе жатқан қыстың алғашқы жаршысындай. Биылғы қазанда ауа райы қандай болады екен? Айдың басында ауа райы құбылмалы болады.
Еліміздің солтүстігі, шығысы мен орталық аймақтарында ауа температурасы төмендейді. Түнде 0-5 градус аралығында болса, күндіз 7-15 градус болады. Ал оңтүстік-шығыста түнде 7-12, күндіз 17-25 градус жылы болады. Дегенмен найзағай ойнап, жаңбыр молынан жауады. - Орталық Азиядан келетін жылу еліміздің ауа райына айтарлықтай әсерін тигізеді. Нәтижесінде күндіз термометр бағаны еліміздің солтүстік бөлігінде +15…+22 градусқа дейін, оңтүстік бөлігінде + 23…+28 градусқа дейін көтеріледі, - дейді синоптиктер.
Күздің ауа райы құбылмалы болғандықтан, күн бірден ысып, бірден суып кетуі мүмкін. 3-4 қазан аралығында еліміздің батыс өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Нөсер жаңбыр шығыс бағытта жылжып, айдың ортасына қарай Қазақстанның басқа облыстарына жетеді. Айдың соңына қарай күн суыта бастайды. Еліміздің солтүстік бөлігінде түнде 5-10 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус аяз болады. Ал оңтүстікте түнде 0-5 градус аяз болса, күндіз 10-18 градус жылы ауа райы сақталады. Ал жауын-шашынның айлық мөлшері Шығыс Қазақстанның кей жерлерінде нормадан көп, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай облысының үлкен бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Алматы облысының кей жерлерінде норма шамасында, қалған аумақтарда нормадан төмен болатыны айтылады.

Пікір 1