Еліміздің бірнеше өңірінде күн ысиды
Антициклонның шығысқа жылжуына қарай республиканың солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарында ыстық және құрғақ ауа райы күтіледі. Бұл аймақтардағы күндізгі температура 30…35°С дейін, оңтүстікте және орталықта 37…41°С дейін болады. Тіпті бұл күндері температура әдеттегіден 4…7°С-қа жоғарылайды.
Жоғарғы барийлік шұңқырдың және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен шығыста және оңтүстік-шығыста әлі де найзағай мен жаңбыр сақталады. Ал таулы және тау бөктері аудандарында күшті жаңбыр болуы мүмкін.















