» » Қатты аязға байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Қатты аязға байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Қазгидромет алдағы күндері қатты аяздарға байланысты бірқатар өңірлерге қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
5-6 ақпанда Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с, 5 ақпан күндіз, 6 ақпан түнде екпіні 23-28 м/с жетеді. 6 ақпанда түнде кей жерлерде қатты қар, бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. 6-7 ақпан аралығында ауа температурасының облыстың солтүстік-шығысында түнде 20-25 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. 5 ақпанда күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында қалың қар жауады. 5-6 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, тау асуларында 23-28 м/с күтіледі. 6 ақпанда түнде ауа температурасы 12-17, кей жерлерде 22-27 градусқа дейін төмендейді. 6 ақпанда Алматы облысының кей жерлерінде қатты қар, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 6-7 ақпан аралығында түнде ауа температурасының 10-15, кей жерлерде 20-25 градус аяздан 15-20, кей жерлерде 25-30 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. 6 ақпанда түнде Қостанай облысында ауа температурасының 33-38 градус аяз, кей жерлерде қатты аяз 43 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. 6 ақпанда түнде Қызылорда облысында ауа температурасының 18-23, кей жерлерде 28-33 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. 6-7 ақпан аралығында түнде Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында қатты аяз 37-42 градус, кей жерлерде өте қатты аяз 45 градус күтіледі. 6 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты қар жауады, бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 30 м/с және одан асып кетуі ықтимал. 6-7 ақпан аралығында түнде ауа температурасының 23-28, кей жерлерде 33-38 градус аяздан 37-42, кей жерлерде 45 градус аяз болуы ықтимал. Еске сала кетсек, синоптиктер 5-7 ақпанда солтүстік өңірлерде аяз күшейіп, оңтүстік өңірлерде де күн суытады деп болжады.

inform.kz
04 ақпан 2019 ж. 1 256 1

JeaCold от 27 ақпан 2019 03:28
Viagra No Precription Over Nite cialis Vendo Cialis Napoli Viagra Apotheke Bestellen

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 594
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 375

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031