» » Ынтымағы ұйысқан ауыл

Ынтымағы ұйысқан ауыл


БІЗДІҢ АУДАНДА ҚАЙ КЕЗДЕ ДЕ ӘКІМІ ТЕК ӘЙЕЛДЕН САЙЛАНАТЫН АУЫЛ БАР. БІРЕР АЙ БҰРЫН МҰНДАҒЫ ХАЛЫҚ ӨЗДЕРІ ДАУЫС БЕРУ АРҚЫЛЫ ТАҒЫ ДА ӘЙЕЛ БАСШЫ ЭЛЬМИРА ҚАЗИЕВАНЫ ТАҢДАП, САЙЛАП АЛДЫ. ҚАЗІР ЕЛІМІЗДЕ НӘЗІК ЖАНДЫЛАР ҮЙДІҢ ДЕ, ТҮЗДІҢ ДЕ ЖҰМЫСЫН ҚАТАР АЛЫП ЖҮРУГЕ ҚАУҚАРЛЫ. ОТБАСЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ, АЯУЛЫ АНА БОЛА ТҰРА БИЛІКТІҢ БИІГІНЕН КӨРІНІП, ХАЛЫҚТЫҢ ҚАМЫН ЖЕГЕН Э.ОРДАБАЙҚЫЗЫНЫҢ ЕР МІНЕЗДІ, ІСКЕР АЗАМАТША ЕКЕНІНЕН ХАБАРДАРМЫЗ . ӨТКЕН АПТАДА АҚАЙ АУЫЛЫНА САПАР
ЛАТЫП, ЖАҢА ӘКІМНІҢ ЖАҢАША ЖҰМЫСЫНА КУӘ БОЛЫП ҚАЙТТЫҚ. БҰҒАН ДЕЙІН ДЕ ЖҮГІ АУЫР, ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МОЛ ҚЫЗМЕТТЕРДІ АТҚАРЫП КЕЛГЕН ЖАН ӘРДАЙЫМ БЕЛСЕНДІ. ҚУАНТАРЛЫҒЫ ӘКІМ БІЗДІ ЖАЛҒЫЗ ҚАРСЫ АЛМАДЫ. ЖАСТАРҒА ҚАМҚОР, АУЫЛҒА ЖАНАШЫР БОЛЫП ЖҮРЕТІН АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ЖАҚСЫЛЫҚ ҚЫПШАҚБАЕВ ПЕН ЖАҚЫНДА ҒАНА САЙЛАНҒАН, ӨМІРІ ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ, БЕЛСЕНДІ, БЕСАСПАП АНА АУЫЛДЫҚ ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ БАЛҚИЯ АХМЕТОВАМЕН БІРГЕ АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАРЫ ЖАЙЛЫ ЖАЙЫП САЛДЫ. КЕҢЕС ТӨРАҒАЛАРЫ ЕШТЕҢЕДЕН АЯНБАЙ ӨЗ АУЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛДЫҢ ҚАЛЫПТЫ БОЛУЫН ҚАДАҒАЛАП, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰЙЫМШЫЛ ҰЙЫМШЫЛ БОЛУЫНА, БАРЛЫҚ ІСТІ ЖҰМЫЛА АТҚАРУҒА ЫҚПАЛ ЕТІП ОТЫРАДЫ. АУЫЛ БЕЛСЕНДІЛЕРІ КЕЗ КЕЛГЕН ІСТІ АУЫЛ ӘКІМІМЕН АҚЫЛДАСЫП, ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫНЫ КӨРІНІП ТҰР. АЛ ХАЛҚЫ ҰЙЫМШЫЛ ДА ЫНТЫМАҚТЫ. БІР-БІРІНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІП ОТЫРАДЫ.

– Тамыз айында ауылдық әйелдер кеңесіне жаңа құрам жасақталды. Оның ішінде әр саланың өкілдері, көпбалалы аналар, кәсіпкерлер, жастар бар. 1 қазан – Қарттар күнінде ауылдық клуб үйінде концерт ұйымдастырып, ардагерлерге сыйлық үлестірдік. Мен төрайым болып сайланғалы өткізген алғашқы іс-шарамыз осы еді. Алдағы уақытта «Келіндер бәйгесі», «Аналар байқауы» сынды сайыстар өткізіп, үлгілі әйел-аналарды насихаттау жоспарымызда бар, – дейді жаз бойы бие сауып, саумал мен қымыз дайындайтын, қазанжаппай жауып, таба нан пісіретін, ұлттық дәстүрді ұлықтап жүрген жан Б.Ахметова. «Бізде өнерлі де өнегелі аналар көп» деген әйелдер кеңесінің төрайымы «Әжелер» ансамблінің белді мүшесі Тасқын Жолымбетованың үйіне алып барды. «Әуелі Тасқын әжеге барып батасын алғандарыңыз дұрыс» деп әкім де оны қолдай түсті.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
Айнұр ӘЛИ (сурет)
26 қазан 2021 ж. 591 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031