» » Қазақстан мен Түркіменстан басшылары шекара туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен Түркіменстан басшылары шекара туралы келісімге қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанмен шекара мәселесіне қатысты келісімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі тараптың қол жеткізген уағдаластықтары туралы айта келе, шекараны құқықтық тұрғыдан шегендеуге бағытталған келісімдердің маңызына тоқталды.
“Бүгін біз бірқатар маңызды құжат қабылдадық. Олардың ішінде Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шарт, сондай-ақ шекара тәртібі туралы үкіметаралық келісім ерекше орын алады. Осылайша, біз елдеріміз арасындағы құрлықтағы және теңіздегі шекараларды заңды түрде рәсімдеуді аяқтадық. Мұның саяси мәні бар”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 
Келіссөздер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларына баса мән берілді.
26 қазан 2021 ж. 1 051 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 994
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 224

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031