САЛЫҚ ТҮСПЕЙ, БЮДЖЕТ БҮТІНДЕЛМЕЙДІ
Салық қызметі – мемлекеттік құрылымдардың бірі. Кез келген өркениетті елдің өмір сүруі салыққа байланысты десек, қоғамның қажеттілігін өтеу үшін қаражат керек екені айдан анық. Қаржылық қиыншылықтар кезеңінде ауданда салық саласының қызметкерлері өз міндеттерін абыроймен атқарып, өздерін білікті маман ретінде көрсетіп жүр. Осы ретте аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Данияр Қосбергеновпен салық саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде сұхбат жүргізген едік.
– Данияр Жамбылұлы, салық түспей бюджет бүтінделмейтіні белгілі. Осы орайда аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы өткен жылды қалай аяқтады, биыл салықтың орындалу қарқыны жайлы не айтасыз?
– Салық – еліміздің әлеуметтік-эконо микалық өсіп-өркендеуінің тұрақты ке пілі саналатынын ескерсек, бұл бағытта атқарылатын жұмыстың ауқымды, жауапкершілігі зор екені рас. Аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ат қарған іс-қимылдар нәтижесінде, салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің болжамын жыл сайын асыра орындалуына қол жеткізіп отырмыз. Оған дәлел, аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2024 жылы мемлекеттік бюджетке 3 млрд 687 млн 944 мың тенге түсім түсуін қамтамасыз етті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 923 млн 364 мың теңгеге артық немесе өсім қарқыны 133,4%-ды құрады. Оның ішінде, Республикалық бюджетке түсірілген салық көлемі 593 млн 68 мың тг. Бұл 2023 жылдың кезеңінен 64 млн 124 мың теңгеге артық. Өсімге қол жеткізудің негізгі себептері ауданның макроэкономикалық көрсеткіштерінің жақсаруы. Мәселен құрылыс көлемі, ауыл шаруашылығы өнімдері өсті. Сонымен қатар, салықтық әкімшілендірудің күшейтілуі ар қасында мемлекеттік бюджетке 413 млн 593 мың теңге қосымша кіріс көздерінің түсімі қамтамасыз етілді. Биыл да бюджеттің орындалу қарқыны жоғары деңгейде болады деп айтуға болады. Атап айтқанда, 2025 жылдың қаңтар айына мемлекеттік бюджет жоспары 189 млн 367 мың теңге болса, түсімі 276 млн 488 мың теңгені құрады, яғни жоспардың 87 млн 121 мың теңгеге артық орындалды. Өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 93 млн 137 мың теңгеге артық немесе өсу қарқыны 150%-ды құрап отыр.
– «Жаңа Қазақстан» жаңашылдыққа үйретіп келеді. Осы ретте халық цифрлық жүйе арқылы қызмет түрлерін ала ала ма? Мемлекеттік кірістер органдарында көрсетілетін жалпы қандай қызмет түрлері бар?
– Ел экономикасының дамуы мен халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында мемлекеттік қызметтің заманауи деңгейіне көтерілу үшін мемлекеттік кірістер органдары алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалана отырып, салық төлеушілерге қолайлы жағдай жасауда. Яғни, халық мемлекеттік кірістер органдарынан барлық қызмет түрін цифрлық жүйе арқылы ала алады. Мемлекеттік кірістер органдарында көрсетілетін қызмет түрлерін айтар болсақ, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 10 шілдедегі №665 бұйрығымен Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары бекітілген. Оның ішінде «Жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебі», «Салық төлеушілерді тіркеу», «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру», «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі», «Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бас тау)», «Салықтық есептілікті керi қайтарып алу», «Салықтық есептілікті қабылдау», «Еуразиялық экономикалық одаққа та уарларды экспорттау (импорттау) кезінде салық нысандарын қабылдау», «Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу», «Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту», «Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару», «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» қызметтерін онлайн алуға болады. Былтыр аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен 49 471 мемлекеттік қызмет көрсетілген болса, оның ішінде 3 қызмет қана қағаз жүзінде орындалған. Бұл тұрғындардың цифрлық жүйеге бейімделгенін аңғартады.
– Ал жеке тұлғаларға мүлік, жер, көлік салығын төлеуде жеңілдіктер қарастырылған ба?
– «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы салық Кодексінде жеке тұлғаларға мүлік, жер көлік салықтарын төлеуде жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтар болсақ, жеке тұлғалардың мүлік және жер салығы бойынша салық Кодексінің 526-бабының 2-тармағына сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар босатылады. Ал жеке тұлғалардың көлік құралдары бойынша 490-бабының 5-тармағына сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» не «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша босатылады. Алайда, осы жеңілдіктер қозғалтқыш көлемі 4000 текше сантиметр ден асатын көлік құралының меншік иесіне қолданылмайды.
– Жаңа жыл басталғалы бері қандай да бір кәсіпкерлік нысанға бас сұқсақ «Каспий голд» қабылданбайды. Қолмақол төлем» дегенді жиі естіп жатамыз. Кәсіпкерлердің карталық төлем түрінен бас тартуға құқы бар ма?
– Мобильді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған. Яғни, әртүрлі тұлғалардан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобильді аударымдар алған тұлғалар ғана кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда тексеру жүргізілетін болады. Осыған байланысты кейбір кәсіпкерлер қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тартуы заңсыз болып табылады және бұл тұтынушылардың құқықтарын бұзады. Кәсіпкерлер төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, «ескерту» жасалады. Ал қайталап бұзған жағдайда шағын бизнес субъектілеріне ҚР ӘҚБтК-нің 194-бабына сәйкес – 157280 теңге (40 АЕК) көлемінде айыппұл салынады.
– Ақша жүрген жерде жемқорлық қылаң беріп жатады. Осы ретте басқармада жемқорлықпен күрес жұмыстары қалай жүргізілуде?
– Басқарма тарапынан жемқорлықпен күрес тұрақты түрде жүргізіледі. Бұған ең алдымен баспасөз беттеріндегі жарияланымдар куә. Жемқорлықтың алдын алу мақсатында 2024 жылы салық төлеушілерге 2 брифинг, 25 көшпелі семинар, 15 дөңгелек үстел өткізіліп, басқарманың Instagram, Facebook әлеуметтік парақшаларына жарияланып отыр.
Жемқорлықты болдырмаудың басты бағыттарының бірі – халыққа көрсетілетін қызмет сапасын мейлінше арттыру, бүкіләлемдік стандарттарға жеткізу. Бұл тұрғыда салық саласында айтарлықтай ілгерілеушілік бар екендігі тұрғындарға аян. Басқармада барлық көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері автоматтандырылған. Яғни, салық төлеуші кірістер басқармасына келмей-ақ, үйінде отырып цифрлы жүйе арқылы мемлекеттік қызметті ала береді. Бұл басқарма қызметкері мен салық төлеуші арасында қатынас болмауына мүмкіндік береді.
– Аудан бойынша тіркелмеген заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу немесе салықты уақытылы төлемеутөлеуі жөнінде қандай фактілер анықталды?
– 2024 жылы аудан бойынша тіркелмеген заңсыз кәсіпкерлікпен айналысушы тұлғаларды анықтау мақсатында басқарма тарапынан жүргізілген тексеру жұмыстары нәтижесінде 4 жеке тұлға заңсыз такси қызметімен айналысқаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне 463-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттары аудандық сотқа жолданды. Сот шешімімен барлығы 155 064 теңге айыппұл салынып, толық өндірілді. Сондай-ақ 2 жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелместен мұнай өнімін (бензин) сатқаны анықталып, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне 463-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Ісқұжаттары аудандық сотқа жолданып, сот шешімімен барлығы 77 532 теңге айыппұл салынып, 80 литр мұнай өнімдері тәркіленді. Ал 8 дара кәсіпкер алкоголь өнімдерін лицензиясыз сақтап-сатқандығы анықталып, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне 463 бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Іс-құжаттары аудандық сотқа жолданып, сот шешімімен барлығы 516 880 теңге айыппұл салынып, заңсыз сақталған 69,3 литр құрайтын 131 шөлмек алкоголь өнімі тәркіленсе, 8 дара кәсіпкердің алкоголь өнімдерін ілеспе құжаттарынсыз сақтап-сатқандығы анықталып, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұ зушылық туралы» Кодексіне 283-1 бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Іс-құжаттары аудандық сотқа жолданып, сот шешімімен барлығы 1 033 760 теңге айыппұл салынып, заңсыз сақталған 905 литр құрайтын 1645 шөлмек алкоголь өнімі тәркіленді. Сонымен қатар, 2 дара кәсіпкер акциздік маркасы жоқ темекі өнімдерін сақтап-сатқандығы анықталып, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне 283 бабының 2-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Іс-құжаттары аудандық сотқа жолданып, сот шешімімен барлығы 387 660 теңге айыппұл салынып, акциздік маркасы жоқ 256 қорап (5060 тал) темекі өнімі тәркіленді.
– Алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшектеп сату бойынша лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақыға қанша салық төлеуші тіркелген?
– Аудан бойынша алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу қызметін жүзеге асыратын 100 салық төлеуші тіркелген. Осы тіркелген салық төлеушілер аудан бюджетіне төлемақы төлеп отыр. Жалпы түсінікті болу үшін нақтылай кетсем. Алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу қызметін жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін, Астана республикалық және облыстық деңгейдегі мәні бар қалаларға 100 еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде, аудандық маңызы бар қыстақ және қалаларда 70 еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде және ауылдық жерлерде 30 еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлемақы төлейді. Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 558-бабына сәйкес төлемақы төлеушілер төлемақы сомаларын өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төлейді. Салық кодексінің 557-бабына сәйкес төлемақы мөлшерлемелері ауылдық елді мекендерде 20 АЕК болып бекітілген. Бұл ретте лицензия алу кезінде төлемақы төлеу жөніндегі міндеттеме лицензия алған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап туындайды. Жоғарыда аталып өткен негізінде егер дара кәсіпкер арнайы лицензиясыз заңсыз алкоголь өнімін сатқан жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 463-1 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1424 бұйрығына сәйкес, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу міндетті. Егер дара кәсіпкер тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарынсыз тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта мұнай өнімдерінің, этил спиртінің және алкоголь өнімінің, биоотынның дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу ұсынбау не уақтылы ұсынбаған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 283-1 бабымен айқындалған әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
– Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен міндеттерді айта кетсеңіз...
– Дұрыс, жоспарсыз істің нәтижесі болмайды. Сол себепті әрбір жұмысты жүйелі, жоспармен жасауға тырысамыз. Басқарманың алдағы уақытта атқарылатын негізгі жұмыстары мен міндеттеріне келсек, 2025 жылға мемлекеттік бюджет жоспарының толық әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалық көрсеткіштерін арттырып, мемлекеттік бюджеттің кірісін толықтыруда қосымша кіріс көздерін іздестіру. Заңды және дара кәсіпкерлердің мүлік салығына талдау жасау, мүліктік құны төмен болған жағдайда қайта бағалату жұмыстарын жүргізіп, салық есептіліктерінде нөлдік көрсеткіштермен және табысын азайтып көрсеткен, жалдамалы жұмысшы санын көрсетпеген салық төлеушілерге талдау жүргізуді қолға аламыз. Мемлекеттік сатып алу аясында бюджет қаражатын игеретін салық төлеушілерге, бизнесті қолдауға бөлінетін қаражаттарға әкімшілендіруді күшейту – басты нысанамыздың бірі. Сондайақ кіші және орта бизнес субъектілеріне ақпараттық мүмкіндіктерді қолдана отырып, мәліметтерді талдау арқылы проблемалық зоналарды және құқықбұзушылық көріністерін анықтау, олардан түсетін түсімнің үлес салмағын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Ауданда салық мәдениетін көтеру үшін аудандық қоғамдық даму бөлімі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, салық заңдылықтарын түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізуді жалғастыра береміз. Ең бас тысы, халықпен кері байланыс орната отырып, салық мәдениетін қалыптастыруға тырысамыз.
– Уақыт бөліп сұхбаттасқаныңызға рақмет!
Әңгімелескен Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ