» » Салық базасын нығайтуға байланысты мәжіліс өтті

Салық базасын нығайтуға байланысты мәжіліс өтті

ЖОСАЛЫ, 3 шілде – qarmaqshy-tany.kz  Қармақшы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.О.Қалдарбековтың төрағалығымен салық базасын нығайтуға байланысты 2020 жылдың 5 айында атқарылған жұмыс қорытындылары және алдағы міндеттері туралы мәжіліс өткізіліп, аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Д.Косбергеновтың баяндамасы тыңдалды, деп жазады Қармақшы Мемлекеттік Кірістер Басқармасы Фейсбук парақшасында.


Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, Ішкі істер бөлімінің басшысы қатысса, қалған кент, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары бейнеселектор арқылы қашықтықтан қатыстырылды.

Аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Д. Косбергенов өз сөзінде төртінші деңгейлі бюджет жоспарының сапалы бекітілу қажеттілігін, көлік құралдары бойынша берешектің шоғырланып қалуын, әкімдіктегі салықшы мамандардың жұмысы, дара кәсіпкер ретінде тіркелудің бәсең жүруі, алкогольдік ішімдік өнімінің айналымы бойынша лицензия алынбауы, жеңілдікпен несие алғандардың тіркелмеу барысы, салық есептілігін 0-дік көрсеткішпен тапсырылуы және тағы да басқа мәселелерге тоқталып, алдағы уақытта қандай жұмыстар жасалу қажеттілігі туралы ұсыныстарын айтып өтті.

Аталған ұсынысқа байланысты аудан әкімі М.Қалдарбеков кент, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларының мәлімдемелерін тыңдап, салық базасын нығайтуға байланысты тиісті Іс-шара жасап, болжамның сапалы орындалуына, берешектің толық жиналуына, кәсіпкерлік нысандарын түгендеп қосымша салық түсімдерінің түсуіне нақты жұмыстарды сапалы жүргізуге бірқатар тапсырма бере отырып, мәжілісті қорытындылады.
03 шілде 2020 ж. 681 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930