» » Облыстық әдеп жөніндегі кеңес төрағасының қатысуымен қоғамдық кеңес өтті

Облыстық әдеп жөніндегі кеңес төрағасының қатысуымен қоғамдық кеңес өтті

   ЖОСАЛЫ, 21 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімдігінің мәжіліс залында К.Раеваның төрағалығымен Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды  аудан әкімінің баспасөз қызметі.
    Аудандық қоғамдық кеңеске арнайы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрман Бақбергенұлы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғалымжан Маратұлы және аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары, аудандық дербес бөлім, мекеме басшылары,үкіметтік ұйымдар жетекшілері қатысты.
    Қоғамдық кеңесте күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы Айбек Маханбетқалиұлының "2019 жылы аудан бойынша ұсынылған мемлекеттік қызметтердің жайы туралы" және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғалымжан Маратұлының «Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына және қолжетімділігіне жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысы туралы» хабарламасы тыңдалды.
Кеңес барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрман Бақбергенұлы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жайы туралы біршама мекеме, бөлім басшыларына сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді.
    Қоғамдық кеңес қорытындысында барлық аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің басшыларына және кент, ауылдық округ әкімдеріне мемлекеттік қызмет түрлерінің сапалы орындалуын және белгіленген мерзімдерін қатаң сақтау, қызметтердің электронды үлесін арттыруға бағытталған шараларды жүйелі түрде жүргізу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде (баламалы) көрсетілетін қызметтердің үлесін азайту жұмыстарын қарқынды түрде жүргізу керектігі айтылды.
    Сонымен бірге өтініш берушіден қабылданатын құжаттар топтамасын мемлекеттік қызмет көрсету стандартына және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қабылдануын қамтамасыз ету, ішкі бақылау жұмыстарын сапалы және тұрақты түрде жүргізу, ресми интернет ресурстағы салалар бойынша қабылданған стандарттарды өзектендіру жұмыстарын уақытылы жүргізуге ұсыныс беру жайлы аудандық қоғамдық кеңестің қарары қабылданды.

21 ақпан 2020 ж. 996 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031