» » Президенттік жастар кадрлық резерві жобасы

Президенттік жастар кадрлық резерві жобасы

Қармақшы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері мен кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшыларының қатысуымен кездесу өтті. Кездесуді Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Қошалақов Әділ Үсенұлы жүргізіп отырды.
Қазақстан Республикасы қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Ержан Қарымсақов пен департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғалымжан Ілкібаевтың мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызмет көрсету және оны алудың мониторингіне тоқталып, хабарламасы тыңдалды.
Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді түсіндіру бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облыстық филиалының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Ақзада Мадалиева баяндама жасады.
Сонымен бірге кездесуде «Президенттік жастар кадрлық резервін» қалыптастыру мақсатында үстіміздегі жылдың
1 қыркүйегінен бастап іріктеу жұмыстары басталғанын, жобаның мақсаты мен талаптары түсіндірілді.
Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Қошалақов Әділ Үсенұлы кездесуді қорытындылап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
18 қыркүйек 2019 ж. 1 056 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 430
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930