» » ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Жосалы кентіндегі Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде «Мемлекеттік қызметшілерді жаппай құқықтық оқыту» тақырыбындағы семинар өтті
Семинардың басты мақсаты мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, құқықтық мәдениетін жоғарылатуға, құқықтық сауаттылығын қалыптастыру.

Шараға, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Ақмарал Айдарқызы,Қазақстан Республикасның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Бақытжан Уәлиханұлы, Қызылорда облысының Әділет департаментінің бөлім басшысы Гүлжанат Жалғасбайқызы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Аман Мәделханұлы, РМК «Қала құрылысы кадастары» Қызылорда филиалының директоры Бағдат жеңсікбайұлы, Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы Әлия Зайнабидинқызы, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Қайырбекұлы және Кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Қайырбекұлы ашып жүргізіп отырды.

Әрі қарай шара барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі» (соңғы өзгерістер мен жаңалықтарға шолу), «НҚА-дің әзірленуі және олардың Әділет органдарына және ашық НҚА дерек қорына енгізілу тәртібі», «Латын әліпбиі: жаңғыру жазудан басталады», «Қала құрылысы кадастарының гиоақпараттық жүйесі», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар, заңбұзушылықтардың алдын алу» тақырыптарында баяндамалар оқылды.
Семинар соңында қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстарын білдіріп, мазалаған сұрақтарына мардымды жауаптар алды.
24 қараша 2018 ж. 1 011 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930