» » «Білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдар: Ұлттық заңнаманы іске асыру мен оның ерекшеліктері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

«Білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдар: Ұлттық заңнаманы іске асыру мен оның ерекшеліктері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдар: ұлттық заңнаманы іске асыру мен оның ерекшеліктері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференцияның жұмысына «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының, облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің, облыстық білім басқармасының, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің, облыстағы жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, мектептердің, балабақшалардың басшылары мен қызметкерлері және студенттер қатысты.
Конференцияны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Байхожаев Берікбол Ұзақұлы ашып, конференцияның мақсатына тоқталды.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Е.Байтілес, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры А.Жүнісов алғы сөз сөйлеп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Келесі кезекте облыстық білім басқармасының басшысы М.Мелдебекова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Л.Қаржаубаевалар хабарлама жасады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында білім саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізілген сыртқы талдау жұмыстарының қорытындылары мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Ізкенов баяндама оқыды.
Сондай-ақ, конференция барысында білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, білікті, тәжірибелі маман атанған білім саласының құрметті ардагері Г.Қалмұратова сөз сөйлеп, әріптестерін тәуелсіз еліміздің білімді де бәсекеге қабілетті патриот жастарын тәрбиелеуде аянбай және адал еңбек етуге шақырды.
Конференцияда білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидалары мен тәсілдерін жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысу туралы сұрақтар талқыланып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға себеп болатын себептер мен шарттарды жою бойынша жұмыстарды пәрменді түрде жүргізу қажеттілігі жөнінде сөз қозғалды.
24 қыркүйек 2018 ж. 1 257 1

JeaCold от 16 ақпан 2019 12:20
Propecia Opinion Buy Propranolol Precio Viagra En Farmacias Espana levitra prices Does Amoxicillin Smell Expire Canadian Drug Store No Script

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031