» » Болашағы зор бастама

Болашағы зор бастама


Аудан әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Әділ Қошалақовтың жүргізуімен Қазақстан Республикасы қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшыларының қатысуымен кездесу өтті. Мақсат – Президенттің жастар кадрлық резервін ашық түсіндіру болатын.
Қазақстан Республикасы қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Ержан Қарымсақов, департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғалымжан Ілкібаевтың мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызмет көрсету және оны алудың мониторингіне тоқталып, хабарламасы тыңдалды.
Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді түсіндіру бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облыстық филиалының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Ақзада Мадалиева баяндама жасады.
Сонымен бірге кездесуде «Президенттік жастар кадрлық резервін» қалыптастыру мақсатында үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап іріктеу жұмысы басталғаны, жобаның мақсаты мен талабы туралы айтылды.
«Қт» ақпарат



24 қыркүйек 2019 ж. 1 093 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 510
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 313

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930