» » САЛЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

САЛЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Өткен аптада аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтті. Онда «Аудандық салық базасын нығайтуға байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы» аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Аққозбек Байсыновтың, сондай-ақ, қосымша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қалдыбек Сүлейменовтің хабарламасы тыңдалды.
Салық заңнамаларының орындалуы және қосымша резервтер табу мақсатында үстіміздегі жылдың 9 айында аудандық мемлекеттік кіріс­тер басқармасымен бірқатар жұмыс атқарылды. Нәтижесінде жергілікті бюджет­тің 9 айға болжамы осы жылдың 21-қыркүйегіне дейін 108 пайызға орындалуы қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың 9 айына жергілікті бюджеттің болжамы – 656 млн. 713 мың теңге болса, осы уақытқа – 707 млн. 534 мың теңгені құрады. Яғни, 106 пайызға орындалды. Ауданда 1-қыркүйекке дейін 624 заңды тұлға 3575 дара кәсіпкер тіркелсе, жыл басынан бері тіркелген заңды тұлғалар саны – 26, дара кәсіпкер саны – 463 болып, заңды тұлғалар – 1,7, дара кәсіпкер – 3 пайызға артты. Мемлекеттік кіріс органдары тарапынан жүргізілген жұмыстар нәтижесінде үстіміздегі жылдың 1-қыркүйегіне 132 жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелді. Сондай-ақ, бақылау-экономикалық және камералдық бақылау жұмыс­тары­ның нәтижесінде бюджетке қосымша барлығы 68 млн. 859 мың теңге түсті. Қорыта айтқанда, салық базасын нығайтуға байланысты аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жоспарлы жұмыстарының нәтижесінде 2018 жылдың 9 айына 37 млн. 154 мың теңге қосымша кіріс есептеліп, жергілікті бюджетке түсірілді.
Әкімдік мәжілісінде «Аудан бойын­­ша жер заңдылықтарының сақ­талуы және бос жерлерді түгендеу жұмыс­тарының барысы туралы» аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Бақытжан Өтегенов хабарлама жасады.
Ол жер учаскелерін жалға беру, мемлекеттен жер учаскелерін сатып алуға, ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке сатуға және ауданда жер заңдылықтарының сақталуы және бос жерлерді түгендеу жұмыстарының барысына тоқталды. Сондай-ақ, 2017-2018 жылдар аралығында жүргізілген елді мекендердегі қолда бар жер қорына түгендеу жүргізу, аудан бойынша ауыл шаруашылығы жерлерді ревизиялау жұмыстарының нәтижесінде анықталған өзгерістер, тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне арнайы кезекке қою жайын сөз етті.
Мәжілісте аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы бөлім, мекеме басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырма берді. Отырыстың күн тәртібіндегі мәселесіне орай, тиісті қаулылар қабылданды.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы».
05 қазан 2018 ж. 1 264 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 16:29
Viagra 100mg 12 St Canada Non Generic Trental propecia 1mg Priligy And Levitra Together Levitra Assuefazione To Buy Cialis From Ireland

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031