» » Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында облыс әкімінің орынбасары тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Жаналинов Данияр Еренғалиұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Облыс әкімі жаңа орынбасарын таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

«Данияр Еренғалиұлы – бұған дейін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы және өзге де жоғары лауазымдарда абыройлы еңбек еткен, қаржы саласының нағыз маманы ретінде республикада мойындалған бірегей кадр. Бұл ретте Данияр Еренғалиұлының салалық министрлікте жинаған мол тәжірибесі мен кәсіби әлеуеті аймақтың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне үлес қосып, республикадан қаржы тартуға септігін тигізеді. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында қала және аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару және жергілікті бюджетке салынатын салыққа қатысты жеңілдіктерді анықтау құқығын аймақтардың өзіне беру мәселесін қарастыруды тапсырды. Өздеріңізге белгілі, аймақ қазынасын қалыптастыруда бюджеттің кіріс көздерін, оның ішінде салық базасын кеңейту аса маңызды. Данияр Еренғалиұлы салық органдарында ұзақ жыл қызмет атқарып, мол тәжірибе жинаған маман ретінде Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында аянбай еңбек етеді және облыс бюджетін қалыптастыруға өз үлесін қосады деп сенім білдіреміз», – деді аймақ басшысы.

Данияр Еренғалиұлы 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Алматы облысы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы болып бастаған. 2002-2010 жылдары Алматы облысы бойынша Салық комитетінде салық инспекторы, жетекші, бас салық инспекторы, бөлім басшысы және департамент бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 2010-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің басқарма басшысы, 2014-2018 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, 2018-2021 жылдары Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болған.

2021-2022 жылдары ҚР Қаржы вице-министрі лауазымында еңбек етті. 2022 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметін атқарып келді.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

21 қыркүйек 2023 ж. 539 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031