» » » Бізді бір ел, бір тағдыр табыстырды

Бізді бір ел, бір тағдыр табыстырды

Афлят ДЯМУРШАЕВ,
«Достық» түрік мәдени орталығының өкілі:

ЕЛДІК ПЕН БІРЛІКТІ ҚАТАР ҰСТАНЫП, ҚАЗАҚСТАНДЫ АТА ЖҰРТЫМ ДЕП БІЛГЕН ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ ЕЛІМІЗДЕ ЖЕТЕРЛІК. СОНЫҢ БІРІ – КӨПҰЛТТЫ ІІІ ИНТЕРНАЦИОНАЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ АФЛЯТ ДЯМУРШАЕВ. ОЛ АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ БОЛА БІЛГЕН ТЕЛЬМАН ДЯМУРШАЕВТЫҢ ӨНЕГЕЛІ ӨМІР ЖОЛЫН ЖАЛҒАП КЕЛЕ ЖАҚТАН ТӘЛІМДІ ПЕРЗЕНТ. ҰЛТЫ ТҮРІК ДЕМЕСЕҢІЗ, ҚАЗАҚШАҒА СУДАЙ. АЙМАҚТЫҢ ТЫНЫМСЫЗ ТІРШІЛІГІНЕ БЕЛСЕНЕ АРАЛАСЫП, МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНА ДА ӨЗІНДІК ҮЛЕСІН ҚОСУДА. МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ЕЛ ҮШІН ЕҢБЕКТЕНІП ЖҮРГЕН АЗАМАТПЕН ҚАЗІРГІ ТӘРТІПКЕ САЙ ОНЛАЙН ТҮРДЕ СҰҚБАТТАСҚАН ЕДІК.

– Афлят Тельманұлы, әңгімені әріден бастап, тарихтан сыр ақтарсаңыз?
– 1944 жылы Грузиядан Қазақстанға жер аударып, халқымыз депортацияға ұшыраған. Содан осы ІІІ Интернационал ауылына әкелген екен. Әкем сол уақыттарда халықтың тосырқамай қарсы алғанын, қолдан келгенше көмек қолын созып, өздерінен бөліп-жармағанын үнемі айтып отыратын. Бұл елге деген әкемнің сүйіспеншілігі ерекше. Бізге де соны насихаттап өсірді.

– Қазақ халқының қандай қасиетін ерекше бағалайсыз?
– Біз тамыры бір ұлтпыз. Бір-бірімізбен бөлісе алмайтын, түртпектейтін ештеңеміз жоқ. Бағзы заманнан бері қарай тату-тәтті тіршілік кешіп келеміз. Кең байтақ қазақ даласын мекен еткен бір де бір ұлыстың өкілі өзінің туған тілін жоғалтқан жоқ. Саны ең аз саналатын этнос өкілдеріне дейін тілі мен ділін сақтап, хал-қадірінше дамытуына барлық жағдай жасалуда. Бұл қазақ халқының дархан көңілі, бауырмал, қонақжай, мейірімді, кең пейілінен болар. Өз басым осы қасиеттерін ерекше бағалаймын.

– Бірлігі жараса, бір ауылда түрлі ұлт бірге тұрасыздар. Қазақтың қандай салт-дәстүрін тойлайсыздар?
– Негізінен түрік пен қазақтың салтдәстүрі бір-біріне ұқсас. Түбі бір түркі елінен болғандықтан бізде де өмірге келген сәбиге арналған «бесік тойы», алғашқы қадамына арналған «тұсау кесер», сондай-ақ «сүндет той», «үйлену тойлары» өтеді. Сонымен қатар, қыздың дүниесі де беріледі. Аталған дәстүрлердің барлығын ұлт пен ұлысқа бөлінбей барша ауылдастарымызбен бірге тойлаймыз.

– Өзге ұлт өкілдерінің арасында балаларына қазақ есімдерін қою қаншалықты жиі кездеседі?
– Әрине, мұндай жайттар өте көп. Тіпті менің кіші ұлымның есімі де қазақша. Оны атасы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне орай Нұрсұлтан деп қойды. Біз тұратын мекенде перзентіне қазақ есімін қою қалыпты дүние.

– Сіз "Баар" түрік ән-би үйірмесіне жетекшілік етесіз. Осы жайында айтсаңыз. Шығармашылық ұжымның жетістігіне тоқталсаңыз?
– Ия, "Баар" түрік ән-би ансамблі менің бала кезімнен бастап өнер көрсетеді. Оның негізін 1984 жылы сол кездегі комсомол жастар комитетінің жетекшісі Бадирша Байрақтаров қалаған болатын. Ол қолынан өнер келетін түрік жастарын ұйымдастырып, түрлі байқау-фестивальге апаратын. Оның арасында мен де бармын. 1991 жылы Алматы, Қарағанды қалаларында өзге ұлт өкілдерінің "Достық" фестиваліне қатысып, жүлделі орындар әкеліп жүрдік. Тоқырау кезеңінде ансамбль тарап, кейіннен 2000 жылдары үйірмені қайта жасақтадық. Бүгінде оған мен жетекшілік жасаудамын. Үйірме құрамында 14 өнерпаз бар. Өнерлі өрендердің жетістігі көп-ақ. Бір парасына тоқтала кетсем, Руслан Ризманов бірнеше өнер байқауының жеңімпазы болса, Омар Латифов республикалық «Мың бала» байқауында жүлделі орын иеленген. Өнерлі жастардың әлі де алар асуы көп деп білемін. Ал өзімнің келешекте "Баар" түрік халықтық ансамблі атағын жеңіп алып, арнайы штатпен жұмыс жасасам ба деген мақсатым бар. Ол кезде тіпті жас ұрпақты ұлттық өнерге толығымен баулуға мол мүмкіншілік болар еді.

– Алдағы уақытта қандай жоспарыңыз бар?
– Мен Қызылорда қаласында орналасқан "Достық" үйіндегі түрік мәдени орталығының бірнеше жылдан бергі өкілімін. Арнайы фестиваль, семинар, концерттерге сол орталықтың атынан қатысып тұрамын. Сондай-ақ сан ұлтқа саялы мекен болған біздің ауылымыздың өзі де «кіші Ассамблея» деп аталады. Соған орай облыс әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен үнемі тығыз байланыста жұмыс істейміз. Ел игілігіне бағытталған кез келген шараға үлесімді қосуға қашан да дайынмын.

– Мерекеге орай тілегіңіз...
– Барша қазақстандықты Бірлік пен Ынтымақ мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз күн санап өркендей берсін, бейбітшілік заман болсын. Бізді бір ел, бір тағдыр, бір Отан табыстырды. Бүгінде достық пен бірліктің киелі шаңырағы болып отырған Қазақ еліне алғысым шексіз.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұқбаттасқан Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет)
01 мамыр 2020 ж. 1 360 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 094

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031