» » Өлеңді жатқа оқитын – Омар

Өлеңді жатқа оқитын – Омар

   ЖОСАЛЫ, 18 ақпан – qarmaqshy-tany.kz "Фейсбук" әлеуметтік желісінде ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өлеңін оқып жатқан бір мектеп оқушысын көрдім. Түрі қазаққа ұқсамаса да тілі қазақша күмбірлеп тұр. ІІІ Интернационал ауылындағы түрік баласы – Омар екен. Баланың айтқан әр сөзіне, еркін сөйлеу мәнері жатық. "Мың естігенше, бір көрген артық" дегендей ІІІ Интернационал ауылына тартып отырдық.
   Сәті түсіп бірнеше ұлт өкілі бір шаңырақ астында ұйысқан ауылға бір демде жетіп бардық. Сабақта отырған кейіпкерімізді үзіліс кезінде сөзге тарттық. Қазақшаға судай ағып тұр.
   – Мен қазақтың біртуар ақыны Абай Құнанбайұлы, Мұқағали Мақатаев, Олжас Сүлейменовтердің өлеңдерін жатқа оқып жүрмін. Қазақ әдебиетінің ғажап тұлғаларының еңбектерін оқығанда, жаттағанда ерекше шабытқа бөленемін. Кейде тіпті өзімнің де өлең жазғым келетін кездер болады сол үшін де еңбектеніп жүрмін, – дейді 11 сынып оқушысы Омар Латифов.
   Омардың отбасы қазақ тілінде таза сөйлейді. Құдай қосқан қазақ көршілерінің арқасында тілді жетік меңгеріп, қазіргі кезде мақал-мәтелдетіп кететіні бар. Оның қазақ тілін игеруіне мектептегі ұстаздары да өзіндік үлесін қосқан. Уақыт өте келе Омардың бойындағы ашылмаған талантты көріп, түрлі жарыс пен байқауға қатысуына ықпал еткен. Осы күнге дейін Омар Жаватұлы "Бозторғай", "Мың бала" сияқты талай жарыстың облыстық, республикалық кезеңдерінің бірнеше дүркін жүлдегері атанған. Бұл шығармашылық шараларға қатысуға ықпал еткен Сағираш Жалмағамбетова, Рима Тұрманова, Гүлжан Әбдірова мен Индира Өмірзақова атты ұстаздарына шәкіртінің алғысы шексіз.
  Омар мәнерлеп өлең оқудан бөлек, қазақтың қара домбырасына да әуес. Алдағы уақытта ұлттық аспапты толықтай меңгерген соң өлеңнің сөзін жазумен қатар әнін шығарудан да талабы бар.
   Кейіпкеріміз алтын ұя мектебімен қоштасқан соң Ақтөбе қаласындағы медициналық академияға түсіп, дәрігер атанғысы келеді. Ондағысы – елі мен жеріне, отандастарына көмек қолын созу, жәрдемдесу.
   – Омар ақындардың шығармаларын оқығанды жақсы көреді. Бос уақытында кітапханаға келіп кітап оқиды, әңгімесін айтады. Оған біз де ақылымызды айтып, жол сілтейміз. Түрлі шараға қатысып, жүлдегер атанған кезінде ең алдымен бізге келіп алғысын білдіреді. Шәкіртіміздің жеткен жетістігіне әркез марқайып, қуанып қаламыз. Болашақта Омардың зиялы азамат, білікті дәрігер атануын тілейміз және оның асқақ арманына сенеміз, – дейді шығармашылық ұстазы Рима Тұрманова.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ
18 ақпан 2020 ж. 1 048 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031