» » Мерекелік іс-шара

Мерекелік іс-шара


«Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінде» ұстазды ұлықтаған күн болды. Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» еңбегінде ұлы тұлғаларды тануға, зерттеуге үндесе ұстаз алдынан өтпейтін жан жоқ екені белгілі. Ұзақ жылдар әр түрлі салада елге қызмет еткен «Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінде» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар қызметтерін атқарған Жалғасбаев Шайхыслам ағайдың дүниеден озғанына 30 жыл толуына орай мектепте «І-ші Абай оқуы» ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шара үш номинация бойынша ұйымдастырылды:
І номинация – «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» Абай өлеңдерін жатқа айту
ІІ номинация – «Көңілім әнді ұғады» Абай әндерін орындау
ІІІ номинация – «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» Абай Құнанбаевқа арнап өлеңдер шығару.
Үш номинация бойынша 19 оқушы қатысты.
І - турда Абайдың 150 – 90 аралығында өлеңдерін жаттаған балалар өнерімен тәнті етіп,
І орынды 8 сынып оқушысы Әділбекова Раушан иеленсе,
ІІ орынды Прамразұлы Асылхан,
ІІІ орынды Төлеуова Жұлдыз иеленді.
ІІ - турда І орынды 4 сынып оқушысы Санақова Аймереке, ІІ орынды 7 сынып оқушысы Мүсілімов Ерасыл иеленді.
ІІІ – тур бойынша өз өлеңдерін арнаған оқушылар өте көп болды. Достарынан оза шауып І орынды 7 сынып оқушысы Смайылұлы Бекқанат, ІІ орынды Жаппарова Еңлік, ІІІ орынды Мысабекова Мәрмәр иеленді. 

Шара өте мазмұнды өтті. Мазмұнды шараға ұстазымыздың ұрпақтары қатысып, қатысушы оқушыларға жүлделі сыйлықтар тапсырды. Мектеп директорының «Мақтау қағаздарымен», «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Ұстазды ұлықтау, болашақ жастарына ұлы жолды нұсқау деген сөз. Мерекелік іс-шара соңында Жалғасбаев Шайхыслам ағайдың баласы Қуаныш Жалғасбаев жас жеткіншектерге шексіз ризашылығын білдіріп, рахметін айтты. Іс – шараны мектеп директоры Зарипа Тасымова қорытындылады.
13 мамыр 2019 ж. 1 219 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930