ЖАС АҚЫНДАР ҚАНАТТАНДЫ
Жуырда Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар қызметтерін атқарған Шайхыслам Жалғасбаевтың дүниеден озғанына 30 жыл толуына орай "Абай оқуы" атты шара ұйымдастырылды.
Шара үш бөлімнен тұрды: «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» Абай өлеңдерін жатқа айту, «Көңілім әнді ұғады» Абай әндерін орындау, «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өз туындысын оқу. Шараға 19 оқушы қатысты. Бірінші айналым бойынша Абайдың өлеңін көп жаттаған оқушылар сайысқа түсіп, І орынды 8-сынып оқушысы Раушан Әділбекова иеленсе, ІІ орынды Асылхан Прамразұлы, ІІІ орынды Жұлдыз Төлеуова иеленді. Екінші айналымда І орынды 4-сынып оқушысы Аймереке Санақова, ІІ орынды 7-сынып оқушысы Ерасыл Мүсілімов меншіктеді. Үшінші айналым бойынша өз өлеңдерін оқыған оқушылар өте көп болды. Қатардан оза шауып І орынды 7-сынып оқушысы Бекқанат Смайылұлы, ІІ орынды Еңлік Жаппарова, ІІІ орынды Мәрмәр Мысабекова иеленді.
Шара өте мазмұнды өтті. Жиынға Ш.Жалғасбаевтың ұрпақтары қатысып, қатысушы оқушыларға жүлделі сыйлықтар тапсырды.
Ерсін СӘДУҰЛЫ,
«Қармақшы таңы».