» » Достық тойы

Достық тойы

Кеше жер-жерде алғыс айту күні тойланды. Кездескен жұрт бір-біріне алғыс айтып әлек. Алғаусыз алғыстан өзгені мансұқ көрмейтін қазақ үшін бұл мерекенін маңызы зор. Әрине, қаймағы бұзылмаған қасиетті Қорқыт жерінде де айтулы мереке барынша тойланды. Ауызбіршілігі мығым "Достық ауылы" атанып кеткен ІІІ Интернационал ауылында жиналған өнерпаздар ауылға шырай кіргізді.
Көптің көкейінде бір сұрақ: алғыс айту күні көшірме мереке ме? Рас, көп мемлекетте бұл мереке бар. Алайда айтулы мереке ешқандай көшірме емес. Қазақ қиналғандарға қамқорлығын аямайтын, жасаған жақсылығын сатпайтын, құшағына алған қанша жұрт қайырымдылығын айтып, тәу етіп жатса масаттанбайтын халық. Өткен ғасырдың зұлматы қайталанбауы үшін, от кешкен халық жадын жаңғырту, қиын сәтте құшақ ашқан қазақ халқына өзге диаспоралардың алғыс айтуы үшін пайда болған мереке.
Елге Цайдың ауылы деп танылған ІІІ Интернационалдағы шара өзге ұлт өкілдерінің ұлттық болмысын сипаттаған биімен шымылдығын түрді. Бұл жай би емес еді, астарын ілтипат, құрмет, тағзым сынды дүниелерді бүккен композициялық қойылым болды. Мұнан соң сөз алған аудан әкімі Сұлтан Мақашов қатысушыларды атаулы күнмен құттықтап, Елбасының сара саясатымен ел экономикасы мен əлеуетін, оның ішінде Қармақшы ауданы тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін нығайту үшін жүзеге асып жатқан шаруалар мен жоспарларды саралады. Сонымен бірге, өткен ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдары Кеңес Үкіметінің солақай саясатымен қазақ еліне еріксіз қоныс аударылған өзге ұлт өкілдерінің бастан кешкен зұлмат өмірі мен олардың бүгінгі халі жайлы əңгімеледі.
Содан соң, мінберде облыс орта­лығынан келген мәртебелі қонақтар, облыс əкім аппаратының "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік меке­месі директорының орынбасары Асылбек Жұмабаев, "Қазақстан кəрістері ассосациясы" облыстық қоғамдық бірлестігінің өкілі Матвей Цой, облыстық "Түрік этномəдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің өкілі Пулат Гейдаровтар сөз сөйлеп, қазақ халқына деген ыстық ықыластарын жеткізді.
Ауыл тұрғындары Ким Лида мен Гуляли Мутиевтер түрік, кəріс және басқа да ұлт өкілдерінің басынан өткен зұлмат кезеңдерден естелік айтып, қазақ халқына деген жүрекжарды лебізін жеткізді. Айтулы шараға қатысушылар ауылдық кітапхана меңгерушісі Рима Тұрманова ұйымдастырған кітап көрмесімен танысып, кəріс және түрік ұлттық тағамдарынан дәм татты.
Сонымен қатар, ағайынды жыраулар Бидас Рүстембеков пен Арнұр Көшеней, Əфлəт Дямуршаев, "Мұзарт" тобы мен "Шалқыма" би тобы және басқа да аудан өнерпаздары əн мен жыр, биден шашу шашты.
Нұрбай Жанəділов,
«Қармақшы таңы».
06 наурыз 2019 ж. 1 132 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031