» » Алғыспен көсеге көгерер

Алғыспен көсеге көгерер

Алғыс айту күні күнтіз­бемізге еніп, барша­мызға ерекше көңіл-күй сыйлады. Бұл күні баласы анасына, оқушы ұстазына, көрші көршісіне өз ризашылығын білдіріп әлек. Осы тұста көптің көкейінде жүрген сауалға жауап іздемекпіз. Яки алғыс айту күні қандай мереке? Тереңіне бойлап көрдік пе?
2016 жыл, 14 қаңтар. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассам­б­лея­сының құрылған күні 1-наурызды Алғыс айту күні деп жариялап, жарлыққа қол қойды. Осы уақыттан бас­тап бірлік пен татулықтың иісі аңқыған қазақ елі атаулы датаны тойлай бастады. «Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» демекші әркімнің ойы әр тарапқа бөлінді. Үлкендер «жөнге» балап, терең ойдың тұңғиығына батты. Себебі сол кезеңдегі зұлмат заманда не көрмеді десеңші. Бірі – мән бермеді. Бірі – өзіндік мерекеге айналдырып алды. Әсілінде бұл күн қазақ еліне қоныстанған өзге ұлт ағайындарына дем берді. Жанарын жақты. Пана болып, кең құшағын ашқан елге қалай алғыс айтсақ та жарасады дейді. Өйткені өз жағдайы мәз болмаған қазекем сол уақытта тұтас отбасын үйіне кіргізіп, ас-суымен дәм татқызған. Иә, қандай да бір мереке болмасын ол жәйдан-жәй күнтізбеге енбейді. Оның өзіндік тарихы, естелігі бар. Мәселен әр ел алғыс айту күнін атап өтеді. Олардың тарихын зерделеп, таразылап көрдік. Сондағысы өзіндік бір мән барын ұқтық.
1621 жыл, қаһарлы қыс. Аяздың құрсауында қалған Америка құрлығын отарлаушылар аштыққа ұшырайды. Сол кезде жергілікті үндістер аяушылық танытады. Бірнеше күркетауық әкеліп, оларды тамақтандырады. Мұнысын айналасындағы дүйім жұрты қолдап, барлығы «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарады». Сөйтіп қаһарлы қыстан аман-есен өтіпті деседі. Сол уақыттан бастап бұл күнді Жаратушыға құлшылық етіп, қамқорларға риза­шылық білдірген күн ретінде атап өтеді екен. 1789 жылы Джордж Вашингтон ризашылық білдіру күнін «Ұлттық мереке» деп жариялайды. Бір қызығы бұл мерекеде халық көшелерде шеру өткізіп, дәстүрлі тағамдар әзірлейді. Оның ішінде дастарқан күркетауықсыз жайылмайды. Бұл халықтың өткенін ұмытпай, аштықтан аман қалғанына білдірген ризашылығының нышаны.
Израильда бұл мерекені астық ору мерекесімен байланыстырады. Негізгі мақсаты Құдайға құлшылық етіп, мол астық бергеніне ризашылық білдіру. Бұл күздің соңына қарай тойланады. Вьетнам мен Қытайдың кей өңірі 8-айдың 15-ші күнінде ризашылық фестивалін өткізеді. Мереке астық жинауға арналып, жаңбыр жауғызады. Мол астық бергені үшін Айдаһарға алғысын айтады. Осы секілді мереке басқа да елдерде қолданылуда. Бұл – халықтың бір-біріне деген риясыз сенімі, ыстық ықыласы. Біздегі мереке қалай пайда болды? Тарих беттерін парақтайық.
Сонау XVI ғасырдан бастап Ресей үкіметінің қудалауынан қашқан орыс, украин, татар мен өзге ұлт өкілдері қазақ еріктілері деп бір жерге бірікті. 1881-1883 жылдары Қытайдың солтүстік-батысынан 50 мыңға жуық дүнген мен ұйғыр көшіп келді. Қазақ шаруаларының отарлауы Столыпиндік аграрлық реформаға байланысты күшейе түсті. Сондағысы 46 жыл ішінде (1871-1917 ж.ж) өлкеге 1,6 млн. адам келіп тұрақтады. Ал мұның ішінде 60-қа жуық ұлт өкілдері бар еді. Сталиндік жүйе кезінде әр жылда бүтіндей бір халық, оның ішінде 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халқының өкілі, 18,5 мың Қиыр Шығыстан корей отбасылары вагон-вагонымен келіп, ашық далаға түсірілді. Ал ол кезде мұнда тек қазақтар тұрған екен. Олар мұқтаждықта өмір сүрсе де құшағын жайып, жылы қарсы алды. Үйлеріне кіргізді. Бір асты бөліп жеді.
Иә, қазақ үшін бұл күн өзге елде белгіленгеннен пайда болған мереке емес, қажетін уақыт талап еткен мереке. Қиналғанда қамқор болып, құшағына алған қанша жұрт ризашылығын біл­дірген мереке. Татулық пен ырыстың, бейбіт­шілік кұсын көк аспанға қанат қақтырған мереке. Бұл – қазақ хал­қының кеңпейілдігін, мейірімділігін ай­шық­таған мереке. Өткеніміз оралмасын, мұрағатта тек естелігі ғана қалсын. Болашақ ұрпақ сол аталар салған сара жолдың ізімен тек жарқын елде өмір сүріп келеді. Одан асқан бақ та, бақыт та жоқ.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
06 наурыз 2019 ж. 1 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031