» » Ел бірлігі-халық бірлігі

Ел бірлігі-халық бірлігі

Бүгін ІІІ Интернационал ауылында 1-Наурыз Алғыс айту күніне орай "Ел бірлігі-халық бірлігі" атты түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен салтанатты жиын өтті.


Цай Ден Хак атындағы ІІІ Интернационал ауылдық мәдениет үйі көркемөнерпаздары ұйымдастырған орыс, кəріс, түрік, татар, басқа да ұлттық дəстүр мен биін сахналаумен басталған
шараны аудан əкім Сұлтан Мақашов ашып, қатысушыларды атаулы күнмен құттықтап, Елбасының сара саясатымен ел экономикасы мен əлеуетін, оның ішінде Қармақшы ауданы тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін нығайтуда жүзеге асырылып жатқан игі істер мен алдағы уақытқа мақсатталған жоспарларды саралады. Сонымен бірге, өткен ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдары Кеңес Үкіметінің солақай саясатымен қазақ еліне еріксіз қоныс аударылған өзге ұлт өкілдерінің бастан кешкен зұлмат өмірі мен олардың бүгінгі хал-жағдайы жайлы əңгімеледі.
Содан соң, мінберде облыс орталығынан келген мәртебелі қонақтар, облыс əкім аппаратының "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Асылбек Жұмабаев, "Қазақстан кəрістері ассосациясы" облыстық қоғамдық бірлестігінің өкілі Матвей Цой, облыстық "түрік этномəдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің өкілі Пулат Гейдаровтар сөз сөйлеп, қазақ халқына деген ыстық ықыластарын жеткізіп, жылы лебіз білдірді. Ауыл тұрғындары Ким Лида мен Гуляли Мутиевтер түрік, кəріс және басқа да ұлт өкілдерінің басынан өткен зұлмат кезеңдерден естелік айтып, қазақ халқына деген жүрекжарды лебізін жеткізді. Мерекелік шара барысында оған қатысушылар ауылдық кітапхана меңгерушісі Рима Тұрманова ұйымдастырған тақырып аяғындағы кітап көрмесімен танысып, кəріс және түрік ұлттық тағамдарынан дем татты.
Сонымен қатар, ағайынды жыраулар Бидас Рүстембеков пен Арнұр Көшеней, Əфлəт Дямуршаев, "Мұзарт" тобы мен "Шалқыма" би тобы және басқа да аудан өнерпаздары əн мен жыр, биден шашу шашты.
Нұрбай Жанəділов,
Қазбек Тайбағаров (сурет).
01 наурыз 2019 ж. 1 185 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930