» » ЕЛ АЗАМАТЫН ҰЛЫҚТАДЫ

ЕЛ АЗАМАТЫН ҰЛЫҚТАДЫ

Өткенсіз – келешек жоқ» деп дана халқымыз айтқандай, жетпіс жыл  Кеңес үкіметінің  бодандығында өмір сүрген қазақ халқы  бүгінде егемендік алып, әлем алдында беделді, экономикасы қарыштап дамып келе жатқан мемлекеттер қатарынан ойып орын алды. Ел әлеуеті өсіп, еліміз өркендеу жолына түсті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саясатының арқасында  қазақ халқының өткені ел-жұртына қайта оралды. Елбасының қолдауымен бүгінде жүзеге асырылып жатқан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында салт-дәстүріміз бен ата кәсібіміз, сонымен қатар  ұлт үшін саналы өмірін арнап, кеңестік идеологияның тырнағына ілініп, тарихтан өше бастаған көптеген ұлт арысының есімі қайта жаңғырды. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы мен еңбек майданы сарбаздарының есімі ұлықталуда.
Міне, сондай ел құрметіне бөленген ел ардақтыларының бірі, «Ленин» орденінің иегері, даңғайыр диқан, екі мәрте Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың шәкірті, КСРО Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы  Әбен Тоғызбаев еді.
Сондай атпал азаматтың есімін ұлықтау мақсатында жексенбіде Жосалы кентін­дегі «Мөлтек» шағын ауданында Әбен Тоғызбаев­тың атына берілген көшенің ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шарада «Нұр Отан» партиясы облыс­тық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қармақшылықтарға арнаған құт­тық­тауын жеткізіп, жылы лебізін білдірсе, аудан әкімі Сұлтан Мақашов  Елбасының бастамасымен атқарылып жатқан осындай игі істер жайында әңгімелеп, өңір тұрғындарының әлеуетін арттыруға арналған басқа да жұмыстарды саралады.  Сондай-ақ,  Алматы қаласынан келген мәртебелі меймандар, этнограф-тарихшы Тиышбек Дайрабай мен жазушы Ибрагим Бекмаханов, жергілікті ақын Үрліхан Өңдібаева, Әбен Тоғызбаевтың інілері Жаңбырбай Дәуітов, Мархабат Тоғызбаев, Нұртілеу Салықов, Бердәлі Дәулетбаевтар құттықтау сөз сөйлеп, естеліктер айтты.
Содан соң,  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрғасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, аудан әкімі Сұлтан Мақашов және Мархабат Тоғызбаевтардың қатысуымен Әбен Тоғызбаев атындағы көше­нің лентасын қию рәсімі жасалды.
Салтанатты шара соңы «Алтын ғасыр» мейрамханасында Әбен Тоғызбаевтың рухына арналған ас пен «Әбен әлемі» атты кітаптың тұсаукесеріне ұласты.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
20 қараша 2018 ж. 1 720 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031